Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртаудағы жеті жасар баланың өлімі жазасыз қалды

7 жастағы Азаматтың өлімі үшін ешкім жауап бермеді. Қыста бала “АрселорМиттал Теміртау” өндіріс аймағында ашық құдыққа құлап кетіп қайтыс болған. Одан бері 8 ай өтсе де кінәлілер жазасын алмаған. Ата-анасы болса әрекетсіз отырған шенеуніктерді кінәлауда.

454454

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бағила Айқожаева әлі күнге баласының өліміне сене алатын емес. Жалғыз ұлының қазасы оның денсаулығын да нашарлатып, қайта ана атану үмітін де солдырған.

“Дәрігерлер бастан кешірген күйзелістен кейін менің жүкті бола алмайтынымды айтты. Біз ЭКО жасатайық деп екі рет талпынып, 3 миллион теңге төледік, бірақ ол да нәтижесіз. Мен үнемі дәрігерлердің бақылауындамын. Ешкім бізден кешірім сұрап, тіпті көмек те көрсетпеді. Егер өздерінің балалары осындай жағдайға ұшыраса не болар еді,” – дейді ашынған ана.

Қайғылы оқиға 6 ақпан күні “АрселорМиттал Теміртау” өндіріс аймағында болған. Құтқарушылар баланың денесін бес сағаттан соң оқиға орынынан екі шақырым жерден тапқан. Оқиғаның болғанына 8 ай өткеніне қарамастан ешкім жазаланбаған. Іс материалында тек құдық орналасқан аймаққа жауаптылардың немқұрайлылығы туралы ғана айтылыпты. Ата-анасының айтуынша ол жерде не қоршау, не ескерту белгісі орнатылмаған.

“Үнділер бұл жерді жалға алып отырғандықтан барлық Теміртау аймағына әкімдік жауапты деп ойлаймын. Сол себепті қала әкімі Ғалым Әшімовке барлық тұрғындар мен ата-аналар атынан біздің қаламызда не болып жатқанының үнділер үшін бәрібір екенін айтқым келеді”, – дейді қайтыс болған баланың әкесі Үсен Тоймырзаев.

Ал қала әкімі болса оқиға болған күні сол жерге барғанын және іздеуді басқарғанын айтады. Бірақ бүгінде металлургтер қаласында 14 мың құдық бар, сондықтан барлығын бірдей бақылай алмаймын дейді.

“Құдықтар жағдайы бойынша біз үнемі бақылауда ұстауға тырысамыз. Бірақ, дәл осы құдыққа әкімдік қызметкерлерінің еш қатысы жоқ. Ал өз кезегімізде әрине құқық қорғау органдары алдында бұл мәселенің зерттелуін көтеретін боламыз”, – деді Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов.

Оқи отырыңыз:

Алматы полицейлері 9 жасар қызды қатігез анасынан құтқарып қалды

Маңғыстау тұрғыны ұлын “бөтелке” ойынының талабын орындамағаны үшін өлтіргенін айтады

Ресейде белгісіз жомарт адам тұрғындарға конвертпен ақша таратуда

Ұлыбританияда денесі қанға емес, суға толған нәресте дүниеге келді

Талқылау