Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда жоғалып кеткен оқушының әкесі елден көмек сұрады

Теміртауда бір аптадан бері 9 жастағы бала іздестірліп жатыр. Желтоқсанның 29 күні ойнауға шыққан Владислав Шеллер сол күйі ізім ғайым жоғалған. Владислав отбасындағы үш баланың кенжесі екен.

image128876

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Әке-шешесінің айтуынша, ол сол күні әжесінің үйіне баруы керек болған. Соңғы рет оны қаладағы кинотеатрдың алдынан көрдік дегендер бар. Туыстары аяқтарынан таусылып бір күн іздеп таппаған соң, полицияға хабар беріпті. 8 күннен бері жеткіншекті полиция, төтенше жағдайлар қызметі, әскерилер тіпті еріктілер де іздестіріп жатыр. Бірақ көрдім, білдім деген пенде жоқ. Амалы таусылған ата-ана елдің көмегіне зәру.

«Естіген елдің бәрі тынбай іздеп жатыр, бірақ нәтиже жоқ. Тұрғындар аулаларын, үйлерінің жертөлелерін қарап шықса деген тілек бар. Саяжайлары барлар да қырағылық танытып, айналасына мұқият болса екен»,- Шеллердің әкесі Сергей Китаев

Талқылау