Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда жоғалып кеткен 8-ші сынып оқушысы асылған күйінде табылды

Қарағанды облысы Теміртау қаласында осы жылдың 31 наурызынан бері із-түссіз жоғалып кеткен 8-ші сынып оқушысы Вадим Корженков асылған күйінде табылды.

67675_tn

Екі апта бойы іздеуде болған 16 жасар жасөспірім Теміртаудағы қаңырап тұрған ескі ғимараттың ішінде асылып тұрған күйінде табылды. Бұл бұрынғы “Маяк” дүкенінің ғимараты. Қазір жұмыс істемейтін бұл нысанның іші қоқысқа толып ластанып кеткен. Бұл туралы Теміртау қалалық прокуратурасы хабарлады.

Оқушыны іздеумен айналысқан еріктілердің айтуынша, оның денесі жоғарғы қабаттан табылған. Бірақ, екі аралықта мүлде баспалдақ жоқ. Ал Вадимнің қалайша үшінші қабатқа шығып кеткені түсініксіз. Бұл іс бойынша әзірге Қарағанды облыстық ІІД ешқандай түсініктеме берген жоқ.

67677_tn

Вадим Корженковтың туыстары да болған жағдайды естігендерін айтты.

“Баланың анасы тіпті телефонмен сөйлесе алар емес. Біз бәрін естідік”, – дейді тұтқаны көтеріп жылаған әйел.

Оқыс оқиға болған жерде қазір полицейлер жұмыс істеп жатыр. Вадим Корженковтың денесін тану үшін қазір ол жерге туыстары да әкелінген.

Еске сала кетсек, Вадим Корженков 31 наурыз күні үйден шығып кеткеннен қайта оралмаған. Оның бұл күні өзінің дос қызымен ұрысып қалып, тіпті ұялы телефонын сындырып тастағаны да белгілі болды. Анасы полицияға хабарласып, тәртіп сақшылары мен еріктілер дереу іске кіріскен. Жан-жаққа хабарламалар ілініп, әлеуметтік желі арқылы да іздеу салынды.

Оның отбасы бұрын Теміртауда тұрған. Кейінірек Қарағандыға көшіп келіпті. Бірақ, ата-анасы Вадимнің оқуын ауыстырмай, ол Теміртаудағы мектебіне қатынайтын болған.

Талқылау