Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда кәсіпорынға атышулы Ерлан Өтешов директор болып тағайындалды

Теміртаудағы “Оқжетпес-Т” коммуналдық кәсіпорынына басшы болып қазақстандықтардың ашу-ызасына себепкер болған Ерлан Өтешовтың тағайындалды. Облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасының бұрынғы басшысы үш жыл бұрын өзіне тағылған қылмыстық жауапкершіліктен сытылып кеткен еді.

06a095ce-05e3-4012-97f6-b02f59c5ca23

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әкімшілік жазалауды есептемегенде, заң алдында Ерлан Өтешов таза болып қалған. Адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасында өзінің кінәсі барын ол мойындамаған.

2013 жылы ақпан айында Өтешов түнде қарсы жолаққа шығып кетіп екі көлікпен соқтығысып ірі жол апатына себепкер болған еді. Бір көліктің жолаушысы сол жерде қайтыс болған. Өтешовпен қоса төрт адам жарақат алған. Сараптама қорытындысында шенеунік жол апаты кезінде ішімдік ішіп алғаны да анықталған. Осылайша оның қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетуі қазақстандықтардың наразылығын тудырған болатын.

Алайда, ештеңеге қарамастан Өтешов кәсіби мансап жолында өрлеуді жалғастыра берді. Кеше оны қаланы коммуналдық қызметтер – жылу және ыстық сумен қамтамасыз етуге жауапты “Оқжетпес-т” кәсіпорынының директоры ретінде тағайындаған. Бұрын банкротқа ұшыраған бұл компания “АрселорМиттал Темиртауға” тиесілі болған.

“Біз қазір 15 күн ішінде ықшамдалған тарифке көшіп, 30 күн ішінде монополияға қарсы комитет біздің тарифтік сметамызды қарастыруы тиіс. Осыдан соң біз қала тұрғындарына жаңа тариф немесе тарифтің өзгергені туралы хабарлай аламыз”, – деді “Оқжетпес-Т” директоры Ерлан Өтешов.

Талқылау