Теміртауда күйіп қалған металлургтердің беті бері қарады

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның өндірістік жарақат алған қызметкерлерінің жағдайы оңала бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жансақтау бөлімінде жатқан қызметкерлердің беті бері қарады. Теміртау орталық емханасының жансақтау бөліміндегі екі жұмысшы  Қарағанды қаласындағы Мақажанов атындағы ортопедия және травматология орталығына ауыстырылды. Үшінші жұмысшы да Қарағанды облыстық медициналық орталығына ауыстырылды», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Еске сала кетсек, 12 қазан күні сағат 11:29-да «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатының кокс цехында кокс батареясы жарылған еді. Денесін күйік шалған алты металлург ауруханаға жеткізілген.

Жіберіп алмаңыз:

Ресей Денсаулық сақтау министрлігі алкогольдің пайдасы туралы мәлімдеді

Алматыдағы сауда үйінің үшінші қабатынан құлаған балаға ота жасалды

Әйгілі Экхарт Толленің бақыт пен байлық туралы 5 нақыл сөзі

Небәрі 7 күннің ішінде өміріңізді түбегейлі өзгерткіңіз келе ме?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар