Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда гимнаст әйел жаңажылдық су көрінісінен кейін қайтыс болған

Қарағанды облысының Теміртау қаласында 34 жастағы гимнаст әйел Екатерина Кокурина «Судағы шырша» көрінісінен кейін қайтыс болды.

HS4QpPCdAFc

 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Судағы шырша» көрінісі «Жастар» бассейнінде өткен. Акробатикалық трюк орындаған әртіс әйел өзін нашар сезініп, ілмекке оранып қалған. Оны шешкен соң, «Жедел жәрдем» әйелді ауруханаға алып кетті», – деп баяндады куәгерлер.

Алдын ала нұсқа бойынша, әртіс әйел микроинсульт алған. Дәрігерлер оған медициналық көмек көрсеткенмен, бірнеше күннен соң көріністің қатысушысы ауруханада көз жұмды. Жерлеу рәсімі бүгін  Теміртау қаласында болды.

Талқылау