Теміртауда ер адам төсек қатынасы арқылы төрт әйелге АИТВ инфекциясын жұқтырған

Теміртауда 19 жастағы бойжеткен полицияға шағымданып, 28 жастағы ер адамның өзіне АИТВ инфекциясын жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Теміртауда ер адам төсек қатынасы арқылы төрт әйелге АИТВ инфекциясын жұқтырған

Бойжеткен ер адаммен желі арқылы танысып кездескен соң, төсектес болған. Кейін бойжеткен тексерілгенде, АИТВ инфекциясын жұқтырғанын біледі.

Ер адамның 2011 жылдан бері ЖИТС орталығында есепте тұрғаны белгілі болды. Оның есепте тұрғанына байланысты басқаларға ауру жұқтырған жағдайда жауапқа тартылатыны айтылған. Ол жыныстық қатынасқа түсер алдында серігіне ауруы жайлы айтуы тиіс еді.

Енді оның зардабын төрт әйел тартып отыр. Зардап шеккендердің үшеуі арыз жазбағандықтан ер адам әрекетін тыймаған.

Мұндай қылмыс үшін заң бойынша төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыруға болады.

Көп жағдайда, АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды жұмыста шеттетушілік байқалады. Бәлкім, вирус жұқтырған әйелдер де, жұртқа жария болудан қорқып, ешкімге айтпаған шығар. Бұрын да осы сияқты жағдай тіркелген. 25 жастағы Теміртау тұрғыны вирус жұқтырғаны үшін жеті жылға сотталған. Қыздар өз денсаулығына жеңіл қарамауы тиіс. Жақын байланыс орнатудан бұрын, танысқан адамын жақсы білуі қажет», – дейді ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы өкілдері.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар