Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда дүкеннен тұтынушыны итеріп шығарған полицей жазаланды (видео)

Оқиға 28 шілдеде болған, полицейдің өзі әрекетін “қалаға күзетілетін адам келді, көлікті ауыстырып қоюға тиіс болатын” деп түсіндірді.

TJaIqOJl

Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов хабарлағандай, Теміртауда тұтынушыны супермаркеттен итеріп, қуып шыққан полицей жазаланды, деп хабарлайды Sputnik.

Желі қолданушысы Жан Ботанов eGov.kz порталындағы министрдің блогына шағымданып, Теміртауда көлігін ауыстырып қою үшін ер адамды дүкеннен итеріп шығарған полицейге қатысты пікір білдіруді сұраған.

“Қарағанды облысы ІІД жергілікті полиция қызметі қызметтік тергеу жүргізіп, нәтижесі бойынша қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, — деп жауап берді ІІМ басшысы блогында.

Полицейдің өзі түсіндіргендей, қалаға “күзетілетін адам келгендіктен”, тұтынушы көлігін басқа жерге қоюға тиіс болатын.

Видео 28 шілде күні жарыққа шыққан, сол күні Теміртауға ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев барған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Төрт адамды қаққан “шымкенттік Үсенов” Дубайда демалып жүр

Рак дерті жұққан жүкті ана: Құрсағыма біткен сәбиім мені өлтіріп бара жатыр

Қазақ қыздары құрастырып шыққан мобилді қосымша Google-дің бас директорын тәнті етті

Алматылық кәсіпкер орманда тұрған отбасыны жатақханаға орналастырды

Талқылау