Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда дәрігерлер жасөспірімнің қолына скотчтың көмегімен гипс салып берген

Теміртауда гипс салудың жаңа әдісі табылды. Желіде тарап кеткен видеоға қатысты қолданушылар жүздеген пікір қалдырған. Онда жасөспірім кәдімгі скотчтың көмегімен қолына гипс салып бергенін көрсеткен.

Теміртауда дәрігерлер жасөспірімнің қолына скотчтың көмегімен гипс салып берген

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Теміртау қаласындағы емханада гипсті осылай салады», – деп жазған жасөспірім видеоның астына.

Медициналық мекемеде мұндай жағдайдың орын алғанын растады. Мекеме директорының айтуынша, емханада дәке жеткілікті. Жасөспірімнің қолына бұған дейін салынған гипс үгіліп кеткеннен кейін, жараны байлайтын орын бос болмағандықтан, хирург-травматолог қолда бар заттарды пайдаланған.

Десе де медициналық емес затты қолданғаны үшін, дәрігерге сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, дәл осы дәрігер жасөспірімінің қолы сынбағанын байқаған.

«Басы артық гипс салынған жоқ. Егер ол рентгенге түспестен, қолына басқа гипс таңса немесе керісінше жағдай орын алып, сынбаған қолын гипс салдырса, артынан зияны болатын еді», – дейді Теміртау қаласындағы № 4 емхананың директоры Алтынай Есқалиева.

Оқи отырыңыз:

Кеш жатып, кеш тұратын адамдарда ерте өліп кету қаупі жоғары

Алматылық келіншек пойызда босанып қалды

Денсаулық сақтау министрлігі қағазды амбулаторлық карталарға ресми түрде тыйым салады

Модель көзінің түсін көкке өзгертем деп жанарынан айырылды

Талқылау