Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда белгісіз суретшілер үйдің тұтас бір қабырғасына сурет салып кетті

Теміртауда белгісіз суретшілер бір түннің ішінде 5 қабатты үйдің тұтас бір қабырғасына сурет салып кеткен. Ең қызығы, оның мазмұны осы қала тұрғындарының бас ауруына айналған экология тақырыбына арналған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

svsv

Бұл туынды атақты француз суретшісі Анри Матисстің «Би немесе Өмір шаттығы» деп аталатын картинасының тура көшірмесі. Тіпті түпнұсқадағы бояу түстері де өзгертілмепті. Картинада тек қол ұстасып жүргендердің ортасына қара мұржа салынған.

Бұл қаланы қара түтінге орап жататын металлургиялық комбинаттарды меңзейді. Тұрғындар түтінге тұншықса да, тырп етпей тірлігін жасап жүргені де суретпен жеткізілген. Ал өндіріс алпауыты – «Арселор Миттал» компаниясы экологтардың осы тұрғыда ара тұра көтеретін мәселелерін шыбын шаққан құрлы көрмейді.

“Түтін мен газдың кесірінен тұрғындардың көбі аурушаң. Экологияның нашарлығын айта-айта шаршаған ел жұрт. Құлақ асатын кім бар? Суретті салғандар осы жағдайға алаңдаған азаматтар шығар”, – дейді тұрғын Нина Синапкова.

Талқылау