Теміртауда 200-ге жуық оралман айыппұл төлеп, азаматтық ала алмай сабылып жүр

Бейсенбі, 11 Ақпан , 2016 15:15

Теміртауда 200-ге жуық оралман Қазақстанның азаматтығына қол жеткізе алмай жүр. Осы үшін айыппұл төлеуден шаршағандар тегін медициналық көмекке де зар екендерін айтады. Бұл туралы stan.kz сайтының Қарағанды облысындағы тілшісі хабарлайды.

оралмандар

Ұлжан Оразалиева Өзбекстаннан атажұртқа осыдан үш жыл бұрын көшіп келген. Бірақ әлі қолында бір құжаты жоқ. Ата заңның аумалы төкпелілігінен бес жылға шегеріпті. Кесірінен, не жұмысқа орналаса алмайды, не денсаулығын күтуге ауруханаға көріне алмай сабылып жүр.

оралман1

«Біздің қолымызға мынадай қағаз берген. Ұстап жүргенімізге үш жыл болды. Маған квотасы да керек емес, азаматтық берсе болды. Өйткені, уақытша берген құжатымен тегін емханаға қарала алмаймыз, жекеменшік дәрігерге барып, қанша қаржымыз кетіп жатыр»,- дейді Ұлжан Оразалиева.

Ұлжаннан басқа Теміртау қаласында үш жарым мың оралман бар. Олардың екі жүзге жуығында азаматтық жоқ. Барлығы да Қазақстанға келіп, тіркелген күнінен бастап, бес жылсыз азаматтық ала алмайды деген заңның құрбаны болып отыр. 2013 жылы шыққан жаңа кодекстің кесірінен тіпті, жаңа туылған сәбилері де Қазақстандық болып есептелмей келеді екен.

оралман2

«Менің қызым 2012жылы желтоқсан айында дүниеге келді. Туу туралы куәлік алдық. ЖСН көрсетілген. Бірақ Қазақстанның азаматы емес. өйткені, менде жоқ азаматтық. Енді бізге азаматтықтан бас тартып, Өзбек посолынан анықтама әкеліңдер дейді. Сонда біз қашанғы жүрмекпіз?»,-дейді Сейдалиев Талғат.

Бұл аздай, қолында бір жапырақ қағаздары жоқ қандастарымыз орнығып бір жұмысқа да тұра алмайды. Қара жұмыс істеп, кейде көрінгенге желініп қалады. Құжаттың жоқтығынан тіпті, өздері алған үйлерінде өз аттарына рәсімдей алмай сандалып жүр. Ал, тұрақты тіркеуде болмағандықтан, үкіметке ай сайын еселеп айыппұл төлеулері де көбейіпті.

«Менің үйім болмағандықтан ағамның үйіне тіркеудемін. Бірақ ол отбасымен екі бөлмеде тұра алмаймыз. Сыймаймыз ғой. Сондықтан да, үй жалдап жүрмін. Есік қақса бітті, шулаймыз. Учаскелік полицейлер келе ме деп. Сонда біздің не істеуіміз керек. Былай тартсақ арба сынады, былай тарсақ есек өледінің кейпін киіп жүрміз»,- дейді Жансая Бектібаева.

Жиналғандар еліміздің басқа аймақтарында азаматтық еш кешуілсіз уақтында беріліп жатқанына сенімді. Барлық «гәп» Теміртау қаласы, ІІБ көшіқон полиция бөлімінің немқұрайлы жұмысында дейді. Ал, мамандар заңнан аттап, ешбіріне азаматтық беруге құқықтары жоқтығын айтады.

«2013жылы заң шықты. Заңда шетелден келген оралмандар бес жылсыз азаматтық алмай, уақытша визамен жүру керектігі көрсетілген. Мысалы, 2014 жылы ол заң алынып тасталынды. Кейінгі келгендер өз құжаттарын алып отыр. Қазір біз жоғарыға хат жаздық. Өйткені, расымен, Теміртауда екі жүздей адам жеке куәліктің жоқтығынан сабылып жүр»,- дейді Теміртау қаласы, ІІБ көшіқон полициясы бөлімінің аға инспекторы Арыстан Әбілов.

Заңның жыл сайын ауысып, өздерін әбігерге салғанына әбден қажыған оралмандар жақын күнде Астанаға баруға бел буған. Онда да осы талаптарын қойып, нақты жауап алмайынша ешқайда қозғалмаймыщ деп отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

11
Комментариев
  • Қазақ елім ! says:

    Мен 2009 жыл келгенмін,бізде ешқандай қиындық болмады,бірақ бір жылда Азаматтық алдық,сол кездегі қызым казір 1сыныпта,одан соңда екі ұлым,Тарихи отаныма аяғым жеткеніне мыңда бір Аллаға шүкір,Әттең ертерек келмеппіз.Қазақстанның егемендігі мәңгі болсын,қазақ халқы аман болсын,бөліп жармай жылы қабылдады ! Бас ием Қазақ еліме !

  • khazakhtin kara kozi says:

    Elim jerim dep keldik, kezindegi ata babamizdin jan tanimen khorgab kelgen jerge. Birah ata jurtimizda jvru khiain boldi sebebi osidan 4 jil burin mongoliadan kelip jogargi okuga tvstik. 4 jil boiy oku vizasimen jvrdik. Kazr 4-kurs student bolamn bir okinishtisi bizge azamattih alu mvmkin emes oku vizamen sondikhtan jumsgada kire almaimz azamattih alu vshin kazakstanda bir tuiskaninnin turahti tirkeu bar bolu kerek olarda tagi azamattihta joh, osi siakhti kazakhtin khara kozderi kob again.

  • Жұмбақ жан says:

    Қазаққа қазақ жау болды деген осы Астанаға барсын бір жағадан бас бір жеңнен қол шығаратын кез келді

  • Жұмбақ жан says:

    Қазақ ба? оған азаматтық берілуге тиіс не қылғандыгы үшін бес жыл күттіреді. елім жерім деп келгенде ниеті түзу тілі қазақ салт дәстүрі қазақ дәл қазір қазақстанга осы қазақ керек.

  • Жұмбақ жан says:

    koldaymin oralmandardi . astanaga kelinder birge aytamiz munimizdi

  • Абдижаппар says:

    Елим деп келген бауырларды кангыту , елдигимизге сын.

  • Жұмбақ жан says:

    315 оқымай ма? Ешқандай кедіргі жоқ.

  • Жұмбақ жан says:

    Ata jurtha oralgandarha korsetken hurmeti ma

  • Жұмбақ жан says:

    Русия деген жазуы бар ,азаматқа Азаматтық бермеген тұрыс

  • Жұмбақ жан says:

    Қайырын берсін Алла кімді кінә лайсыз заң солай десе

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар