Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртау тұрғыны азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірген

Келіншек арадағы ұрыстан кейін азаматтық некедегі күйеуіне пышақ сұққанын мойындаған.

пышақ
Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі 29 жастағы Теміртау тұрғынының ұсталғанын хабарлайды.

« 40 жастағы өзімен бірге тұратын азаматтың өліміне күдікті ретінде 29 жастағы келіншек уақытша қамай абақтысына жабылды. Ол екеуінің арасында болған ұрыстан кейін азаматқа пышақ сұққанын мойындаған»,-делінген хатта.

Уақытша қамауға алынған азаматқа қатысты ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлімі бойынша іс қозғалды. Қазірге сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Талқылау