Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртау тұрғыны автокөлік жуатын сусабын ойлап тапты

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында несие алған Дмитрий Телебаев автокөліктерге арналған сусабын, яғни шампунь шығарады.

20160607095035

Сурет: inform.kz

Бұл туралы Егемен Қазақстан газеті хабарлайды.

Оның әрі арзан, әрі сапалы дүниесі дүкен сөрелеріндегі шетелдік жуғыш құралдарды едәуір кейінге ығыстырған.

«Сусабынды жасаудың техно­логиялық үдерісі аса қиын емес, – дейді кәсіпкердің өзі. – Арнайы құрамды белгілі бір температурада араластырып, тек соның рет-ретімен қосылуын қадағалап отыру керек».

«ХИМ-ГРУПП Қазақстан» ЖШС-нен ал­ғашқы сусабындар «Бона» сау­да мар­­ка­сымен жақында ғана шы­­ға­рылды, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

«Мен автосусабынның 17 түрін және полироль, балауыз, әйнек тазалағыш, мотор тазалау, дискі тазалау құралдары, терек бұтақтарынан, жәндіктерден қорғайтын құралдар сияқты жанама заттар шығарамын», – дейді Дмитрий.

Бар­лық өнімдерді техникалық нұсқау­лық­тар мен тиісті тәртіптеріне сәй­кес өндіреді. Негізінен жергілікті шикі­заттарды пайдаланып, отан­дық химия өндірісінде жоқ кейбір құрам­дар­ға ғана шетелдік компания­ларға тапсырыс беріп алдырады екен.

Цехтың өндіріс қуаты айына 40 тонна өнім шығаруға жетеді. Алғаш­қыда жарты тонна ғана өнім шыға­рылған еді. Қазірдің өзінде сатып алушы ұйымдармен келісімшарт жасалып, бірқатар тұрақты тұтынушылар пайда болды. Автосусабын көлік кірін бар-жоғы екі минутта жоқ қы­лады деседі. Бұдан соң, әрине, теміртаулық көлік жуушылар жаппай жергілікті өнімді пайдалануға көш­кен. «Бізге осы сусабындардың сапасы ұнайды. Бұрын пайдаланып келгендерімізден әлдеқайда жақ­сы. Көлігін жудырғандар да мақтап кетеді. Оның үстіне, отандық өндіру­ші­ні қолдағанымыз дұрыс қой», – дей­ді көлік жуу орнының қызметкері Елена Марьянко.

Теміртаулық кәсіпкер күзге жа­қын жа­ңа­дан бес жұмыс орнын ашуды жос­­пар­лап отыр. Күзде көлік әйне­гін қы­рау­­д­ан қор­ғай­тын құрал шығар­мақшы.

Өндіріс көлемін арттыру үшін Дмитрий тағы да мемлекеттік бағ­дар­­ламаға арқа сүйемек.

Талқылау