Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші Жанат Бақыт сауатсыз жұлдыздарды сынап тастады

Белгілі тележүргізуші Жанат Бақыт екі әріптің басын қоса алмайтын танымал жұлдыздарды сынап тастады.

Жанат Бакыт_140217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тележүргізуші бала күнінен жұлдызға ғашық болған құрбысы туралы айтып берді.

«Қызық айтайын. Бір таныс құрбым бар. Мектеп, универді таза қызылмен бітірген. Біз сияқты фейсбук, инстаграм деп қумайды, ойлайтыны оқу, өзі сабақ береді. Өте білімді, әдеби тілмен сөйлеп, қазақ тілінің грамматикасын “строго” сақтап жазады, бірақ тұрмыс құра қойған жоқ. Сол қыз құрбыларымен кездесіп, қысқасы, сол күні оның көзі ашылып, фейсбуктің не екенін түсінеді.

Ол бала күнінен бір танымал әншінің “фанаткасы” еді, яғни тыңдарманы. Қызық болғанда сол қол жетпес жұлдызымен интернетте дос болады. Күн сайын, тіпті минут сайын сол сүйікті әншісінің парақшасын ақтарады, түсінгені, ол жігіттің басы бос екен», – деп бастады ол әңгімесін.

Қысқасы, ақырында ол қыз жұлдызға хат жазады. Ол да көп күттірмей жауап береді. Алайда әлгі қыз Құдайдай көрген жұлдыздың жазған әр сөйлемінде қате деген өріп жүреді. Ақырында оның әншіден көңілі қалады. Оған деген сезімі күрт суиды. Онымен араласудан бас тартады. Тек сөз соңында оған:
“Сіз елге танымал адамсыз! Қанша адам сіздің өнеріңізге табынады! Қазақ деген атқа кір келтірмей, сауатты жазып үйренбейсіз бе? 5-сыныптың бағдарламасын қайта оқыңыз! “Дос жылатып айтады”, елге күлкі болмай сауатты жазып үйреніңіз, не фотоңызды салып смайликтер қойыңыз тек! Бірақ сауатсыз жазып Ана тілімізді қорламаңыз”, – деп кеңес берген.

Алайда елге белгілі азамат оның сөзіне құлақ аспаған, тіпті, желіде бұғаттап тастаған. Бұл ретте Жанат Бақыт өз әңгімесін былай деп қорытты:

«Күлетін емес, жылайтын нәрсе! Сауатсыздық – қазіргі өзекті мәселе. Инстаграм шыққалы кімнің мектепте нешеге оқығанын көріп жатырмыз. Әсіресе, танымал болсаңыз, манағыдай қате-қате қып жеген тамақтың астына пост арнап отырсаңыз, масқараның масқарасы».

Жіберіп алмаңыз:

Димаш 50 жастағы қарсыласын көрсетіп жанкүйерлерін таңғалдырды

Ұлықпан Жолдасов Димашқа мәтіні ағылшынша ән жазып берді

Көпшілік “Валентин” күнімен құттықтаған Салтанат Бақаеваға ұрсып тастады (фото)

Луина Қайрат Нұртасты басып озды (видео)

Талқылау