Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші Ксения Собчак өзін аукционға қойды

Танымал тележүргізуші Ксения Собчак өзінің Инстаграмм-дағы парақшасына қайырымдылық интернет-аукционға қатысатынын  жариялады.

383640714

Оны ұйымдастырумен ресейлік супермодель Елена Перминова айналысып жатыр, деп хабарлайды ресейлік БАҚ. Собчак  бәссаудаға қойған екі лоттың қаражаты жетім балаларға көмек ретінде беріледі.

Аукционға Собчактың неке көйлегі мен онымен кешкі асқа бару мүмкіндігі қойылды. Кешкі ас ішу бәссауда кезінде  алдымен 10 мың рубльмен басталып, 2,5 АҚШ долларына дейін ұлғайды. Ал Валентин Юдашкин тіккен Ксенияның неке көйлегі 3 мың долларға дейін көтерілді.

Тележүргізуші аукционның мақсаты жетім-жесірлерге қолұшын созу екенін атап өтіп,  барлығын шараға қатысуға шақырды. Бұл акцияны продюсер Яна Рудковская да қолдап, өз заттарын сатылымға шығарды. Шараны ұйымдастырушылар бәссаудадан түскен қаржы балалардың емі ғана емес, жаңажылдық сыйлық алуға да жұмсалатынын атап өтті.

Талқылау