Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші Гүлназ Ауданбаева әншілік қырымен таныла бастады (видео)

Тележүргізуші Гүлназ Ауданбаева өз әнімен көрермен алдына шықты.

гүлназ ауданбаева

Бұл жайлы тележүргізуші Жанар Байсемізова желідегі парақшасында жазды.

“Менің құрбымның әдемі әнін қабыл алыңыздар. “Тағдырмен тілдесу”.
Əні мен сөзі Гүлназ Ауданбаева. Гүлназды бәріңіз білесіздер. Керемет жүргізуші, журналист, қазір тағы бір қырынан танылып жатыр.  Осыдан бірнеше ай бұрын, әнге қатысты жоспарларымен бөліскен еді. Енді міне әні қанат қақты.  Армандап отыра беруге болмайды. Армандар орындалмайды. Арманды мақсатқа айналдырып, әрекетке көшкенде ғана жүзеге асады.

Әрине ол нақты сіздің дүниеңіз болса. “Елдер істеп жатыр екен, мен де көрейін, қай жерім кем”,- деген болмайтын сияқты.
Сіздің жолыңыз бөлек, басқаның жолы бөлек.
Бөтен адамдардың арманына таласпай, өз ішіңізге үңіліңіз.
Не бар ішіңізде?

Бұйығып жатқан бір ғажайып бар шығар, бұлқынып шыққысы келетін жарыққа ?
Қазір қимылдау керек. Кейін жүзіңізді әжім басып, бел шойырылып, буын-буыныңыз қақсап, аузыңызда бір тіс жоқ кемпір болып отырғанда — “мен арманыма жете алмадым, енді ұрпағым жетсін”,- деп отырмайтындай.

Өз арманыңызды өзіңіз жүзеге асырыңыз.
Сіздің арманыңыз ұрпағыңызға керек емес.
Олардың өз армандары болады. Гүлназ көкке өрлей бер!”, – деп жазады тележүргізуші Жанар Байсемізова.

Менің құрбымның әдемі әнін қабыл алыңыздар. “Тағдырмен тілдесу”. Əні мен сөзі Гүлназ Ауданбаева. Гүлназды бәріңіз білесіздер. Керемет жүргізуші, журналист, қазір тағы бір қырынан танылып жатыр. Осыдан бірнеше ай бұрын, әнге қатысты жоспарларымен бөліскен еді. Енді міне әні қанат қақты. Армандап отыра беруге болмайды. Армандар орындалмайды. Арманды мақсатқа айналдырып, әрекетке көшкенде ғана жүзеге асады. Әрине ол нақты сіздің дүниеңіз болса. “Елдер істеп жатыр екен, мен де көрейін, қай жерім кем”,- деген болмайтын сияқты. Сіздің жолыңыз бөлек, басқаның жолы бөлек. Бөтен адамдардың арманына таласпай, өз ішіңізге үңіліңіз. Не бар ішіңізде? Бұйығып жатқан бір ғажайып бар шығар, бұлқынып шыққысы келетін жарыққа ? Қазір қимылдау керек. Кейін жүзіңізді әжім басып, бел шойырылып, буын-буыныңыз қақсап, 😊😓 аузыңызда бір тіс жоқ кемпір болып отырғанда — “мен арманыма жете алмадым, енді ұрпағым жетсін”,- деп отырмайтындай. Өз арманыңызды өзіңіз жүзеге асырыңыз. Сіздің арманыңыз ұрпағыңызға керек емес. Олардың өз армандары болады. Қайырлы Жұма тілеймін! Амал-әрекеттерімізге Алла береке берсін! @gulnazaudanbaeva Гүлназдың өнерін қолдап, гүл шоқтарын жіберіңіздерші! Рахмет! Рахмет! Рахмет! Гүлназ көкке өрлей бер! 25.05.18.

Публикация от Janar Baisemizova-Kolesnikova (@janar_baisemizova)

Талқылау