Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші Динара Сәтжан өз қолымен қой сойды

Танымал тележүргізушісі Динара Сәтжан Құрбан айттың алғашқы күнінде өз қолымен қой сойды.

dd2e064a97a69042fb1cb4f4477a01ee

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Өмірімде алғаш рет өз қолыммен қой сойдым. Анығында, құрбандық шалу рәсіміне қатыстым. Екі түрлі сезімге бөленеді екенсің. Бір жағынан жануарды аяйсың, ал бір жағынан мұның көнеден келе жатқан киелі дәстүр екенін түсінесің. Құрбан айт – қайырымдылық мейрамы. Ол бізді қайғыға ортақтаса білуге, мұқтаж жандарға көмек қолын созуға үйретеді», – деп жазды Сәтжан желідегі парақшасында.

Одан кейін тележүргізушісі мұқтаж жандарға сілтеген адамдарға алғыс айтты.

Желі қолданушылары Сәтжанның бұл қылығына сүйсінді. Олардың басым бөлігі тележүргізушіге шалған құрбандығының қабыл болғанын тіледі. Кейбіреулер мал сою рәсіміне әйелдердің қатыспайтынын айтса, енді бірі қайырымдылықты жария етудің қажеті жоқ екендігін «ескерткен». Есесіне, Динараны жақтап, оң бағасын бергендер саны көп.

«Өте дұрыс, мұндай шараларды насихаттау керек. Оның астарында терең мағына бар», «Ниетіңіз қабыл болсын», «Жарайсың, Динара», «Әйелдер де ерлер сияқты құрбандық шалуға қатыса алады, тіпті ол туралы хадис те бар», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бүгін мұсылмандар үшін қасиетті мереке – Құрбан айттың екінші күні. Құрбан айт – Ораза айттан кейін 70 күннен соң келеді. Бұл күні шама-шарқы келген барша мұсылман қауымы құрбандық шалуға міндеттелген.

Жіберіп алмаңыз:

 

Ерік Тәстембеков: Келінімнің қай ұлттан екені маңызды емес

Мейрамбек Беспаевтың әулеті дүркіретіп той тойлады (фото, видео)

52 жастағы Моника Белуччи тыржалаңаш суретке түсті (фото)

Талқылау