Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші Данияр Есен әншілікке бет бұрды (видео)

Осы уақытқа дейін көптеген бағдарламаның жүргізушісі болған Дания Есен әншілікке бет бұрды. Ол заңды түрде ән сатып алып та үлгерген екен. Көпшіліктен өзіне қолдау көрсетуді сұрады.

image

Фото: instagram.com/daniyar_yesen/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Танымал тележүргізуші Данияр Есен әншілікке бет бұрып, жуырда көпшілікке “Айперім” атты әнін тарту етті. Желі қолданушылары тележүргізушінің бұл қырын бұрын-соңды білмегендерін айтып жатыр. Ал Данияр Есен өзгелерден қалысқысы келмейтіндігін тілге тиек еткен.

“Құрметті достар, әншілер жүргізуші болып жатқан заманда журналистер, тележүргізушілер неге ән айтпасқа деген ой келді. Сөйтіп, жаңа ән жаздық. Ән “Айперім” деп аталады. Тыңдап көріп, бағасын берерсіз. Егер мүмкіндік болса, таратуға атсалыссаңыз. Алла қаласа, жақында бейнебаян түсіреміз”, – дейді Данияр Есен.

Аталған әннің авторы – қырғыз композиторы Бек Бөрбиев. Ал сөзі ақын Құрманай Базтиярқызына тиесілі. Тележүргізуші әнді заңды түрде сатып алғандығын айтады.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары бірауыздан қолдау білдіріп, сәттілік тіледі.


Жіберіп алмаңыздар:

Жанар Дұғалова тарихи роман жазуды қолға алды

Айдана Меденова кәсіпкерлікті қолға алды

“Қазақ аруы-2012” байқауының жеңімпазы продюсерлікпен қатар кәсіпкерлікті қолға алды

Лидо спортпен айналысуды қолға алды

Талқылау