Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші Алматыдағы “тиінді” эфирге шақырып, жеке сұхбаттасты (видео)

Тележүргізуші Ерболат Мұхамеджан эфирге тиінді шақырып, сұхбат құрды.

Бағдарламаға шақырылған тиін ағылшын тілінде сөйледі. Анығында тиін кейпінде келген сұхбат беруші бұл еңбекке 23 млн теңге жұмсалғанын білмейтін болып шықты.

“23 млн теңге жұмсалған ба?”, – деп таңғалды тиіннің өзі ағылшын тілінде.

“Сен өзіңе қанша қаражат жұмсалғанын білмейтін секілдісің. Осы ақшаның жұмсалғаны елдің ашуна тиді. Оның орнына пайдалы іске жұмсауға болмас па еді деп сынады. Мұндай заттарды әлі де жасай береді. Қала билігі халықпен санаспайды. Кей жерлере дәріге ақша жетіспей жатыр. Ал, сен сияқты тиінге ақша аямайды”, – дейді жүргізуші Atameken Business арнасында.

Желі қолданушыларының бірі бұл көрініске қарап күлкісін тыя алмады. Енді бірі өзекті мәселе екенін айтып қолдады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау