Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележурналист Серік Аббас-шах әнші Бүркітке қораздана бермеуге кеңес берді

Тележурналист Серік Аббас-шах әнші Бүркіттің жер мәселесіне қатысты пікіріне жауап берді.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Осы уақытқа дейін БАӘ-де отбасымен демалып жатқан Бүркіт жер мәселесіне қатысты дауда қажет болса жауға қарсы алдыңғы шептен табылатынын айтқан болатын. Тележурналист әншіге өз ойын өлең жолдары арқылы жеткізіп, атына затының лайық болып, қораздай бос жүгірмеуіне кеңес берді.

Тележурналист өз ойын келесідегідей өлең жолдарымен жеткізді:

Қыран құссың, қырағысың, шиырлаған қиянды,
Төбедесің, елдің емес, жердің бетін жиі аңды.
Тойxана емес Жер-Анамыз, кім көрінген жалдайтын,
Ауып келсе, шибөрілер, қорғайды кім ұяңды?

Ел байлығы талан-тараж, бұл қазақтың соры аздай,
Ұрпағыңа қалдыр енді, Жер-ананың қоры азбай.
Бүркіт деген зор атың бар, самғасаңшы биікке,
Қанатыңмен жер сабалап, бос жүгірмей қораздай.

Серік Аббас-шахтың бұл пікірін өзгелер де қолдап, “Серік Аббас-шах бар болғанына шүкір. Әйтеуір өзім айтып салғандай мəз боламын”, “Сәкең қара сөздің сұрмерген “бодболисі” екен, үнемі тура тоғыздыққа түсіреді”, “Өзі тіленіп алған жауабы” деп қолдау білдірсе, енді бірі Бүркіттің әрекетін қоштай түскен.

Әзірге әнші Бүркіттің бұл сынды қалай қабылдағаны белгісіз.


Оқи отырыңыз:

Бүркіт: Қажет болса жауға қарсы алдыңғы шептен табыламын (фото, видео)

Әнші Бүркіт отбасымен бірге Солтүстік Африкада жүр

Әнші Бүркіт әйелі үшін темекіден бас тартты

Италия жастары әнші Айшаның суреті салынған футболкалар киіп жүр

Талқылау