Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележұлдыз Тәуекел Мүслім өз есімімен аталатын иіссулар шығара бастады

Қазақстандық актер, модель, әрі тележүргізуші Тәуекел Мүслім өз есімімен аталатын әтірлер шығара бастады.

3333

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Bouquet de Parfums француздық компаниясы Қазақстандағы ресми дестрибьюторы MSLM компаниясымен бірге Tauyekel Mussilim брендімен иіссулар шығара бастады. Қыз-келіншектерге арналған алғашқы әтір “Асылым”, ерлер иіссуы “Кемел” деп аталды.

Олар Қазақстан дүкендеріне сатылымға 1 қазан күні түседі деп жоспарлануда. Бірақ Тәуекел Мүслімнің компаниясы қазірдің өзінде алдын ала тапсырыстарды қабылдау үстінде. Қазақстандық брендпен шығарылатын тұңғыш әрі жалғыз француздық парфюмериялардың бағасы 11 900 теңге.

11111111

Тележұлдыз өз туындыларының таныстырылымын жуырда Астанада, Алматыда, Бішкек пен Ташкентте өткізуді жоспарлап отыр.

2222

Ол Инстаграмдағы парақшасында жанкүйерлерін тұсаукесерге қатысуға және жеңілдікпен берілетін алдын ала тапсырыстарды жасауға шақыруда.

Оқи отырыңыздар:

Қайрат Нұртас досына Алматыдан 50 мың доллар тұратын су жаңа пәтер алып берді

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы болып шықты

Баян Есентаева емделу үшін Үндістанға аттанды (фото, видео)

Талқылау