Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші Марат Оралғазин үшінші рет әке атанды

Танымал тележүргізуші, «Қызық Times» бағдарламасының жүргізушісі  Марат Оралғазиннің шаңырағында үшінші перзенті дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz.

Марат Оралғазин

Бұл туралы артистің өзі Instagram-парақшасында жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

«Сүйінші, қызды болдық», – деп жазды ол.

 

Айта кетсек, тележүргізуші жұбайы Зита Байғазинамен бірге 2 баласын тәрбиелеп отырған-ды.

Марат қызына қандай есім беретінін мәлімдемеді.

Өз кезегінде артистің өнердегі әріптестері мен желі қолданушылары «бауы берік болсын» десіп, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.


Тағы оқыңыз: Қазақы есімдер. Қызыңызға қандай есім бердіңіз?

Талқылау