Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жаңа кәсіпті қолға алатынын айтып қойды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жаңа кәсіпті қолға алмақ. Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы

Сұлтанқызының сөзінше, ол әдемі ыдыс-аяқ пен дәмді асты көргенде мамандығын түбегейлі өзгерткісі келетін көрінеді.

«Әдемі ыдыс, әдемі, дәмді тамақтар, әдемі торттарды көргенде мамандығымды түбегейлі ауыстырғым келіп кетеді. Рас қой, қазір бәрі көздің жауын алады.

Несі бар, осы күзде тәттілер шығарамын деген жоспарым бар ғой, үйрене берейін», – деп жазды тележүргізуші Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, ол қандай өнімдер шығаруды жоспарлап отырғанын алдағы уақытта айтып беруге уәде берді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау