Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші: Бетіне он тонна бояу жағып, өз-өзіне ғашық болып отыратын «қуыршақ жүргізушілер» мен үшін қызық емес

Тележүргізуші Данияр Есен телеарнадағы қуыршақ жүргізушілерді сынға алды. Оларды нағыз маман емес, тек сұлулығы үшін бағдарлама жүргізетінін айтты.

“Мен телевидениеде жылтыраққа құмар адамдардың бірі емеспін. Бетіне 10 тонна бояу жағып, өз-өзіне ғашық болып отыратын «қуыршақ жүргізушілер» мен үшін қызық емес! Олар сөйлеп жатса, басқа арнаға ауысып кетемін, не өшіріп тастаймын. Мен сөз саптауы дұрыс, қоғамдағы дүниелерге бей-жай қарай алмайтын, кез-келген оқиғаны сараптай алатын, өзіндік айтар ойы бар жүргізушілерді көруге тырысамын”, – деп жазды Данияр Есен жледіге парақшасында. 

Тележүргізуші қазіргі бағдарламалардың салмақты, салиқалы емес, жеңіл әзілдерге құралғанын айтып ашынды.

“Жоғары журналистикалық этика мен көркем сөзді шебер меңгерген, жауапкершілікті бірінші орынға қоятын Баян кез-келген эфиріңді оп-оңай алып шығатынына «Таңшолпанда» жүріп көз жеткіздім.

Қазіргі тренд басқаша болып кетті ғой. Ыржың-тыржың етіп отырған жүргізушілер халыққа бір табан жақын. Бірақ, қара сөз бен салиқалы ойдың қадірін түсінетін көрермен әлі де жоғала қоймаған шығар деп ойлаймын кейде”, – деп жазды ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау