Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 жасар қыз елден қуылған ата-анасын Қазақстанға қайтарды

Көші-қон полициясы арқылы елден қуылған Мейіргүлдің ата-анасы арада бес ай өткен соң қызымен қайта қауышты.

Безымянный

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Таныстарының  қолында қалған 9 жастағы қаршадай қыздың ата-анасына сот бес жыл бойы Қазақстан шекарасынан аттауға тиым салған еді. Бірақ,  ішкі істер министрінің қабылдауында болып, ата-анасының басындағы проблемасын айтқан қыздың хаты істің оң шешім табуына ықпал етті.

b5db6799d63e0dc66dc78f295e526a49__1440x

Еске сала кетсек, оралмандар отбасынан шыққан 9 жасар Мейіргүл ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтан ата-анасының Қазақстанға оралуы үшін көмектесуін өтінген болатын. Оның хаты қазақстандықтардың жүрегін ауыртып, жанашырлығын оятқан.  Министр жантебірентерлік хат жазған оралман қызға көмектесті.

Ал отанына осымен екінші рет оралған жас отбасы екінші сәбилерінің қазақ топырағында туылатындарын естіп, қуаныштарын жасыра алмады. Тақырыпты тілші тарқатсын.

Мынау Мейіргүлдің ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымовқа жазған хаты. Әке-шешесімен қайта табысуды мақсат еткен  3 сынып оқушысы Алматыдан Астанаға арнайы  барып, министрдің қабылдауында да болған. 5 айда бірден есейіп кеткен  Мейіргүл ата-анасының суретін сағына сипап, сабағын оқып жүр.

щ

«Әке-шешемді қатты сағындым. Полиция 15 күннен соң келеді дегенге сеніп осында қалғанмын. Сосын әке-шешемнің виза уақыты өтіп кеті. Сондықтан, олар бес жыл келе алмайды. Мен әке-шешемді  сағындым. Сондықтан, әке-шешемді Қазақстанға қайта әкелуге көмектесіңіз деп айттым. Қалмұхамет ата, мені  тыңдап, жарайды деп шығарып салды»,- деді Мейіргүл Ұларбек.

Минстрлік пен Нұр Отан партиясының сұрауы  арқылы қытайдағы Қазақстан елшілігі  Мейіргүлдің ата-анасына  Қазақстан аумағына кедергісіз өтетін құжат берген. Қолдарына жаңа виза тие салысымен баласынан бөлініп қалған жас отбасы кеше  қазақ топырағына қайта оралды. Түнімен жүріп жеткен Мейіргүлдің ата анасы отанында тұрақтап қалу үшін әлі талай есікті тоздырып, тағы құжат жинаулары тиіс.

«15 күннен кейін визамыз келді. Бірақ жойылды деген таңба басылыпты. Оны біз Қорғасқа келгенде бірақ білдік. Қазір көңіл күйіміз жақсы. Нұр Отанға рахмет. 5 жыл дегенде қатты шошыдық. Нұр Отанның көмегімен жұмысымыз бітіп, қазақ жеріне, отанымызға оралдық»,- деді Мейіргүлдің анасы, Оралхан Тұрсынқызы.

Сырттан келіп, уақытша өмір сүретін шетелдіктермен тарихи отанына көшіп келген қазақтардың бірдей теңестірілуі қандастарға қиын тиіп отыр. Ықтияр хат алу үшін әрбір қазақ жиырмаға жуық құжат жинауы тиіс. Мәселен Алматыда тұрақтағысы келетін қытайлық оралмандар сотталмаған деген анықтаманы Пекиннен рәсімдетіп әкелуі тиіс екен.  Ал отандастардың бес мың шақырымдағы Бейжіңге барып келуі қалта қаржысына да қиын тиіп отыр. Соңғы екі жылда қажетті уақытта құжатын жинай алмай, көші -қон заңына қайшы келген 500 ден астам қазақ  келген жақтарына қайта жіберіліпті.

«Сотталмаған деген қағазды айтып, жалынып жүргнеде әрең береді. Соны әкеледі. Енді әкелген қағазды Пекиннен заңдастырып әкел деген бір пәлені шығарып алды. Шыңжаннан бес мың км қашықтықтағы жер. Оған Бейжіңнің ешқанадй қатысыда жоқ. Қандастар сотталған болса олар бізге паспортта бермейді. Берген күннің өзінде шекарадан да шығармайды.

Үш жыл Алматыда өмір сүрген жас отбасы азаматтық алудың алғы шарты болып табылатын «ықтияр хатты» алу үшін  құжат жинап жүргенде визаның мерзімі бітіп, биылғы жылдың тамыз айында Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық соты  оларды әкімшілік жазаға тартқан. Мейіргүлдің анасына 32 мың теңге айыппұл төлеткізсе, әкесі бір тәулік қамауда отырып шыққан. Әкімшілік жазаларын өтеген соң ерлі зайыпты екеу бірден Қазақстан  аумағынан шығарылыпты.  Бұл жағдай  қайталанбас үшін Мейіргүлдің ата-анасы қиындығы көп  құжаттарды тағы жинамақ. Ал жуырда сәбилі болатын жас анаға бұл жүгірісте оңай болмай тұр.

Жіберіп алмаңыз:

Әжесі немересін ақылды ету үшін экстрасенстерге 43 миллион теңге төлеген

Көпшілік жарылыс жасамақ болған әйелдің денесіндегі бомбаны алып, өзін өлтіріп тастады

Ақмола облысында жас жігіт «лайк» басамын деп темір тордан бір-ақ шықты

Талқылау