Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Телефонына қарап жүрген: Кейуана құтқарушының көз алдында суға батып кетті

Қытайдың Хэнань провинциясында кейуана құтқарушының көз алдында бассейнге батып кетті. Бұл кезде құтқарушы телефонына қарап жүрген екен.

Телефонына қарап тұрған: Кейуана құтқарушының көз алдында суға батып кетті

Құтқарушы суға батып бара жатқан 62 жастағы әйелден 9 метр қашық жерде болған. Алайда ол кейуанаға назар аудармапты. Ер адам телефонына қарап, бассейннің жанында жүрген. Арада 10 минут өткеннен кейін сол жердегі адамдар оны көмекке шақырды. Кейуананы судан алып шыққанымен, ол қайтыс болып кеткен екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Қайтыс болған әйелдің туыстары оның зейнетке шыққанына екі жыл болғанын және денсаулығы жақсы болғанын айтты. 

Жергілікті билік спорттық кешеннің бассейнге лицензиясы болмағанын анықтады. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр