Телефонға үңілген анасы бір жасар қызының суға батып бара жатқанын байқамаған

Қытайдың Фучжоу қаласы, Фуцзянь провинциясында анасы жанындағы қызының суға батып бара жатқанын 1 минуттан астам уақыт байқамаған.

Телефонға үңілген анасы бір жасар қызының суға батып бара жатқанын байқамай қалды

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Анасы бір жасар қызын туған күніне орай бассейнге алып барған. Ол телефонға үңіліп отырған кезде, құтқару шеңбері ауып кетіп, салдарынан бала суға батып кеткен.

Осы кезде телефон арқылы хабарлама жазып отырған әйел дәл жанында болып жатқан жайтты байқамаған. Оның бар назары телефонды болыпты. Ал сол жерде болған басқа бала әйелдің назарын аударғысы келгенімен, ол мән бермеген. Бассейн қызметкері біраз уақытқа шығып кеткендіктен, ол жерде басқа ересек болмады.

Анасы қызының батып бара жатқанын тек 1 жарым минут өткеннен кейін байқаған. Ол қызын судан шығарып алып, жасанды тыныс беру шарасын жасамақ болған. Мұнан кейін жылдам кетіп қалады.

20 минуттан кейін анасы сәбиін ауруханаға алып келген. Осы уақыт ішінде қыз тыныс алмаған. Жүрегі тоқтап қалыпты. Дәрігерлер қызға реанимация шараларын жасғанымен, ол сол күйі есін жиған жоқ.

Ол ауруханада ауыр жағдайда жатыр.

Өз кезегінде бассейн менеджері сәбидің медициналық шығынының бір бөлігін төлеп беруді ұсынды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар