Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Телефон лаңкесі Астанадағы бизнес-орталық пен банкті «миналаған»

Телефон лаңкесі Астанадағы бизнес орталық пен банкті «миналаған», деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметі.

1454655056_generic

«Ағымдағы жылдың 16 ақпанында сағат 15.32-де Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығына, белгісіз ер азамат Сығанақ және Кенесары көшелерінің бойындағы ғимараттарда жарылғыш құралдарының орналасқанын хабарлады», – делінген хабарламада.

Оқиға орнына Ішкі істер департаментінің күш-құралдары, сондай-ақ осы сияқты жағдайларда жұмылдырылатын басқа да арнайы бөлімшелер мен қызметтері шұғыл жетті.

Аталмыш факт сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тіркеуіне ҚР ҚК 273 бабымен «Лаңкестік актісі бойынша жалған хабарлама туралы» тіркелді.

Жүргізілген тексерістің нәтижесінде, жарылғыш құралдар ғимараттан табылмады. Жарылғыш құралы туралы хабарлама жалған болып шықты.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полиция қызметкерлері 41 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынын құрықтап, Астана қаласы ІІД Уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.

Аталмыш факт бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Одан басқа, күдіктіге банктің, бизнес-орталықтың, сонымен қатар  жедел қызметтердің жұмыс кестесін бұзғаны үшін, сот шешімімен, келтірген залалдың сомасын өндіру мәселесі шешілуде.

ҚР ҚК аталмыш бабының  санкциясы 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

 

Талқылау