Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш қызмет бір желіде: үшінші мегаполис тұрғындары заманауи интернетті сынап көрді

Еліміздің үшінші мегаполисі атағын алған Шымкент үшін барлық жағынан қарқынды даму маңызды. Бұл ретте жүйрік интернеттің игілігі ауадай қажет. "Қазақтелеком" шаһардағы тұрғын үй кешендерін заманауи GPON технологиясы арқылы интернетке қосып, бір желі арқылы үш бірдей қызмет түрін ұсынуда. 

GPON технологиясы –  оптикалық талшықты желінің бір түрі. Оның ең басты артықшылығы – жылдамдығы мен қолайлылығында. Абоненттің пәтеріне бір ғана желі тартылып, сол арқылы бірнеше байланыс қызметін қосу мүмкін болады. Жоғары жылдамдықты интернетпен бірге, тұрғындар телевизия мен телефонды желідегі жүктемеге қарамастан, кедергісіз үзіліссіз, жоғары сапада пайдалана алады.

Қазірдің өзінде мұндай жүйрік интернет технологиясы арқылы Шымкентте 364 үй, Түркістанда 60 үй және Кентауда 36 үй байланыспен қамтылды.  

қазтелеком

Уақыт өте келе GPON технологиясына сұраныс тек арта беретінін “Қазақтелеком” АҚ Оңтүстік жергілікті телекоммуникациялар дирекциясының В2С маркетинг бөлімінің басшысы Серік Әбдірәлиев те болжап отыр. 

”Бұған себеп – халықтың жоғары жылдамдықты интернет пен алуан түрлі арналарға деген қажеттіліктерінің өсуі. Бүгінде сенімді интернет желісі тұрғындар өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналған”, – дейді ол. 

“Қазақтелеком” АҚ Оңтүстік жергілікті телекоммуникациялар дирекциясының клиенттермен жұмыс орталығының жетекшісі Әсет Ералиевтің айтуынша, өңірде тұрғын үй кешендерінен бөлек, телекоммуникация желілерін Шымкент пен Түркістан облысындағы Жетісай, Асықата, Атакент ауылдарына тартқан. Мұның барлығы базалық станциялардың арқасында жүзеге асатын радиокөпір технологиясы арқылы мүмкін болып отыр. 

Әсет Ералиев

“Мұндай бір станцияның өзі 10 шақырым аумақта орналасқан елді мекенді жүйрік интернетпен қамтамасыз ете алады. Қазіргі таңда осындай желі станциясы Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында бой көтеруде”, – деді Әсет Ералиев. 

Осындай базалық станцияның бірі Шымкенттің ең биік нүктесіне қойылды. Оның интернетпен қамту ауқымы кең. Базалық станция таратқан интернеттің рахатын қаланың бірнеше ықшам аудандары, атап айтқанда, Самал, Асар, Бозарық, Пахтакор, Қайтпас, Нұртас және Тассай шағын аудандарының тұрғындары көріп отыр. 

Шымкент тұрғыны Бауыржан Ибраевтың сөзінше, пандемия басталып, мектептер қашықтан оқытуға көшкенде жылдам интернетке деген қажеттілік арта түскен. Қазір отбасының мүшелері жаңадан қосылған интернеттің арқасында демалыстарын ұтымды пайдаланып отыр. 

“Сымсыз интернетке қосылу мүмкіндігі жайлы естігенімде, еш ойланбастан өтініш бердім. Үш күннің ішінде антенна орнатып, Wi-Fi қостырдық. Енді балаларымның демалыста іштері пыспайды. Қазір туыстарым мен көршілеріме осындай қызметті пайдалануға кеңес берудемін”, – дейді Бауыржан Ибраев. 

Жеке сектор тұрғындарын жедел түрде телекоммуникация қызметтерінің барлық түрімен қамтамасыз ету үшін "Қазақтелеком" жеке компаниялармен де бірлесіп жұмыс бастады. Серіктестік моделі негізінде келісімге отырған кәсіпкер, оператормен бірлесіп, қаланы цифрландыруға атсалысады. Қазірдің өзінде осы тәсілмен Түркістан облысындағы 176 ауылда сымсыз желі орнату көзделген.  

“Халықты жылдам интернетпен қамту мақсатында біз “Қазақтелекоммен” серіктестік негізінде бес заманауи базалық станция тұрғыздық. Қазірдің өзінде байланыс қызметіне дән риза тұрғындар алғыстарын жолдап жатыр”, – дейді "SNP TELECOM" ЖШС-нің техникалық директоры Қуаныш Рахымбаев. 

Қуаныш Рахымбаев

Айта кетсек, қызметке қол жеткізу үшін +7 7252 78 58 58, +7 708 478 58 58 нөмірлеріне хабарласып немесе telecom.kz порталы арқылы өтініш қалдыруға болады. Егер өтініш берушінің үйі базалық станция аумағында болса, желі орнату бар-жоғы бір сағат уақыт алады. 

Еске салсақ, бұған дейін “Қазақтелекомның” бастамасымен еліміздің 828 ауылындағы 2,5 мыңға жуық мемлекеттік орган мен бюджеттік ұйымдарда телекоммуникациялық байланыс орнатылды. 

 

Талқылау