Техаста репортер түсірілім жасап жүріп, суға батқан адамды құтқарып қалды (видео)

Сәрсенбі, 20 Сәуір , 2016 16:54

Американың Хьюстон қаласында бұрын-соңды болмаған нөсердің салдарынан тіршілік тоқтап қалғандай болды. Су басқан қалада метро мен автобустар жүрмей, мектептер мен мемлекеттік мекемелер жабылды. Жүздеген тұрғын үй мен кеңседе электр жарығы жоқ.

Безымянный

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Ғаламтор желісінде түсірілім жасап жүріп суға батып бара жатқан ер адамды құтқарған телерепортер жайлы бейнежазба пайда болды.

Бір тәуліктен асар-аспас қысқа уақыт ішінде екі миллион тұрғыны бар Хьюстонның кейбір аудандарында 40 сантиметрден артық жауын жауған. Осының салдарынан Хьюстонның ортасымен ағатын өзендер арнасынан асқан. Бір ғана Харрис округінің өзінде мыңнан астам тұрғын үй су астында қалды. Қаланың байырғы тұрғындары бұрын-соңды мұндай жауынды көрмегендерін айтады.

SONY DSC

Қала билігі төтенше жағдай адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп мәлімдеді.

Дүйсенбіде Джордж Буш атындағы халықаралық әуежайда 500-ден астам, ішкі рейске қызмет көрсететін Хобби атындағы әуежайда 150-дей рейс кейінге шегерілді.

Хьюстонда қоғамдық көлік жұмыс істемейді. Кей жерлерде үзілген электр желілерінен өрт тұтанып, тіпті жанармай цистерналарының жарылуына әкеп соққан.

Бүгінге дейін су құрсауында қалған 500-ге жуық адам көшірілді. Су деңгейі көтеріліп, автожолдар жүруге жарамай қалған соң құтқару бригадалары қайықтар мен катерлерге отырды. Эвакуацияланған тұрғындар уақытша жабық сауда орталықтарында тұрып жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар