Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Техаста мұғалім 13 жасар мектеп оқушысынан жүкті болып қалған

АҚШ-та Техас штатындағы Хьюстонда 24 жасар мұғалім 13 жасар мектеп оқушысымен махаббат құрып, екеуі күн сайын жыныстық қатынасқа түскен.

08ee2a6a-49e8-4e63-a8ae-ceb46f2572b3

Сурет facebook/@Alexandria Vera

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Александрия Вера мен сегізінші сынып оқушысы арасындағы махаббат өткен жылдың жазында басталыпты. Осы уақытқа дейін екеуі тоғыз ай бойы тұрақты түрде байланысып, қыста мұғалім екіқабат болған. Екеуінің қарым-қатынасы туралы білген оқушының ата-анасы мұғалімді үйге шақыртып, оның жүктілігін мейлінше дұрыс қабылдаған.

604a6b41-02fb-46a2-a5a0-f67da3068558

Алайда Вера түсік тастауды жөн деп тауыпты.

fb11463f-1230-4716-81ee-34004b4375b8

Оқушылар болса Вераны “күшті мұғалім” деп мақтайды екен. Ол оқушылардың сабақ үстінде ұялы телефон қолдануына рұқсат беретін көрінеді. Олар да мұғалім мен оқушы арасындағы махаббат хикаясын жатқа біліпті.

94918abb-6cea-4039-ba0c-8f919b3cb1a9

Қазіргі таңда мектеп мұғалімі тұтқында отыр. Кепіл құны 100 мың доллар болып бекітілген. Зерттеу әлі жалғасуда.

Талқылау