Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Техаста сағат үшін жауапты болған оқушының ата-анасы 15 миллион доллар талап етті

Америкалық бозбала Ахмед Мохамедтің отбасы Техаста мектепке қолдан жасалған сағат әкелгені үшін жауап алғандардан 15 миллион АҚШ доллары көлемінде ақша талап етіп отыр, -деп хабарлайды Stan.kz BBC-ге сілтеме жасап.

ahmed-mohamed-clock-bomb
Полицейлер 14 жасар оқушының қолдан жасап әкелген сағатын бомба деп ойлап, одан жауап алу үшін сабағынан қалдырған. Осыдан кейін Ахмедтің ата-анасы оны Катардағы басқа мектепке ауыстыруға бел байлаған. Заңгерлердеің айтуынша, баланың қамақта ұстағаны оған психологиялық тұрғыда зақым берген. Енді олар мектеп басшыларынан, Ирвинг қаласының басқармасынан кешірім талап етуде. Заңгерлердің пайымдауынша, қала әкімдігі – 10 миллион доллар, мектеп кеңесі – 5 миллион доллар төлеуге тиіс. Осыоқиға әлеуметтік желілерде кең тарап, көпшіліктің талқысына түскен болатын.

Тіпті, бұл оқиғаға атақты саясаткерлер мен ғалымдар, Facebook желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг, сондай-ақ, АҚШ президенті Барак Обамаға дейін назар аударды. Барак Обама оқушыны Ақүйге шақырған болатын. Кейбіреулердің пікірінше, бұл оқиғаға оқушының мұсылмандық есімі мен сенімі түрткі болған деп есептейді. Ал, жергілікті басшылардың айтуынша, олар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

Талқылау