Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тек сұлулығымен ғана емес, ерекше ерік-жігерімен де таң қалдырған жандар

Біз модель аруларды көрген кезде, оларды еш мінсіз деп ойлаймыз. Бірақ, олардың да күн сайын бір аурумен күресіп жатқанын біріміз білсек, біріміз білмейміз.

main10

Бұл туралы BigPicture сайты хабарлайды.

Өкінішке орай адамдар мұндай ауыртпалықты көтере алмайды. Тамаққа түк тәбеті тартпау, өте қауіпті ауру. Модель Джорджина Уилкин осы аурумен күресіп келеді.

1216

Афроамерикандық модель Диандра Форрест альбинизм ауруымен туылған. Яғни, денесі ағарып кеткен ол қаназдықпен ауырады. Бұл көзде, шашта, теріде меланиннің жетіспеушілігінен. Алайда осынау әдеттен тыс сұлулығы оны сән индустриясына алып келді. Ару Elite Models NY, Vivienne Westwood, MAC Cosmetics и Jean Paul Gaultie агенттіктерімен келісім-шартқа отырған.

824

Сән индустриясы жылдан жылға дамып келе жатыр. Джиллиан Меркадо тек сұлу ғана емес, сонымен қатар сән бизнесіндегі қатып қалған қағидаларды да бұза алған жан. Модель мықты әрі тек бойы ұзын болуы керек деген ережені еңбегі арқылы өзгертті. Джиллиан мүгедектер арбасында отырғанына қарамастан, өзінің рухани күш-жігерін ешқашан төмендеткен емес. Модель 12 жасынан бастап бұлшық ет дистрофиясынан зардап шегеді. Қазір ол Diesel және Nordstrom агенттіктерінің тұлғасы.

626

Алекс Ауғанстанда соғыс қимылдарына қатынасқан кезде, жарылыстың кесірінен бір аяғынан айырылады. Операция жасау арқылы оған жасанды аяқ салынған. Ол залда жаттығып жүрген кезінде, көп адамдардың оған назар аударатынын байқайды. Адамдар оған келіп, көтермелеп, риза болып және мойымау керектігін айтады. Аяқтан айырылуы, жас жігіттің сағын сындыра алмады. Ол кейінірек танымал моделдік агенттікпен келісім-шартқа отырған.

530

Страбизм – қыли көз болу. Модель Брунетт Моффи осылай өмірге келген. Бірақ, қыз өзінің ауруынан ұялмайтынын керісінше, көздерін жақсы көретінін айтады. Қыли болып қалу көз бұлшық еттеріне және жүйкеге байланысты екен. Мұны арнайы көзілдіріктер, линзалар немесе көз терапиясына қаралу арқылы емдеуге болады. Бірақ, Моффи өзінің табиғи бейнесіне риза екенін білдірген.

428

Кристи өкпе эмфиземиасымен бұрыннан күресіп келе жатыр. Бұл созылмалы ауру болғанымен, соңғы кездері симптомдарды анықтап, емдей алатын дәрілер де шығып жатыр. Эмфизема тыныс алу жолында кедергі пайда болған кезде шығады. Ол сән көрсетіп бара жатып, құлап қалмас үшін тұрақты ем қабылдап, диета ұстайды. Ал оның сән көрсетілімдеріне дәрігерлер міндетті түрде қатысады.

160-533x800

Питтсбургтан шыққан модель өте танымал болды. Кәсіп жолында жүрген кезде ол ауырған емес. Бірақ, қазір Барбара Элейн Смит альцгеймер ауруына шалдыққан. Бұл ақыл-ой белсенділігінің тым төмендеп кетуі, әрі бұған төтеп беру де өте қиын. Алайда, Б.Смит ауруға қарсы батыл күрес жүргізіп жатыр. Ол қазір де мейрамхана ашып, оның ішкі дизайнымен айналысуда. Тіпті сән бизнесінен де алшақтамапты.

235-611x800

Ребеке Мариннің қуанышына орай қазіргі таңда “бионикалық модель” жиі қолданысқа ене бастады. Ол қолсыз туылғанына қарамастан, танымал модель атана алды. Ол әрине, сән алаңына бірден шығып кете алған жоқ. Оның осы бір индустрияны бағындыруы бірнеше жылға созылды. Оған қазір бионикалық қол салынған. TIME, People, Cosmopolitan және Teen Vogue компанияларының атын шығарып жүр.

327-533x800

18 жастағы австралиялық Маделин Сюарт Даун синдромы – сән индустриясына кедергі бола алмайтынын дәлелдеді. Ол интернетті ақтарып отырып Даун синдромымен ауыратын адамдардың қылықтарын қайталамауға тырысады. Ақыры өз дегеніне жеткен қыз Extra Magazine журналына шығып, The Today Show шоуына да қатысады.

919-533x800

Кристал Ренн модель болып 14 жасынан бері істейді. Ол кәсіп жолын алғаш бастағанда, оған біраз арықтау ұсынылады. Алайда шешімге тым қатаң көзқараспен қараған қыз, тамақтану режимін бұзып алып, анорексиямен ауырады. Десе де емделгеннен кейін, ару баяғы салмағына қайта оралып, жұмысын жалғастырады. Ол әр адам мейлі қандай салмақта болса да сұлу деген пікірді ұстанады.

 

 

Талқылау