Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тек фастфуд тұтынатын британиялық тұңғыш рет кәдімгі тамақтан дәм татты

Үш жылдан бері тек KFC жылдам тамақтану мейрамханаларының өнімдерін тұтынып ғана келген Британияның Портсмут қаласының тұрғыны, алғаш рет көкөніс пен өзге тамақтардың дәмін татқан.

8264

21 жастағы Джорджи Скотни жас кезінен бастап тамақ тұтыну қабілеті төмендеп, кейбір тамақтарды мүлде жей алмаған. Оның күнделікті ас мәзірінде санаулы ғана тағамдар болды. Осының әсерінен қыздың бойында кейбір тамақтарға деген қорқыныш пайда болған. Бірнеше жыл Скотни тек нан, қытырлақ картоп және KFC тауық таяқшаларын, шоколад ғана тұтынған.

Қыздың айтуынша, күн сайын жаттығу залына барып, спорт үйірмелеріне жазылғанына қарамастан, ол өзінің салмағы үшін үнемі уайымдаған.

Ол фастфуд тағамдарын жеуді күшейткен сайын, асқазаны ауырсына бастайды. Ақыры ол гипноз сеансына қатысып тамақтарға деген қорқынышын сейілтуге күш салады.

“Барлығы өзгерді. Мен бұрын-соңды дәмін татып көрмеген тағамдарды жей бастадым. Мен ағылшын таңғы асы туралы 15 жасымда армандайтынмын, міне енді ғана сол арманыма қол жеткіздім”, – дейді ол.

2004 жылы режиссер Морган Сперлок “Екі порция” атты деректі фильм түсіру арқылы танымалдылыққа ие болды. Картинада «Макдоналдс» тағамдарының адам ағзасына әсері зерттелген. Түсірілім жұмыстары кезінде Сперлок 30 күнге жуық уақыт аталған мейрамхана өнімдерімен тамақтанған.

Талқылау