Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тегін ауызашар орны мен намаз уақытын анықтайтын мобилді қосымша іске қосылды

Астанада қаладағы мешіттер, намазханалар, тегін ауызашар орны және намаз уақытын тез әрі оңай анықтауға мүмкіндік беретін мобильдік қосымша іске қосылды.

1492589120_foto-1

Бұл туралы muslim.kz  хабарлайды.

“iMuslimAstana” — бұл қала аумағындағы мешіттер, намазханалар, тегін ауызашар орындарын және намаз уақытын тез әрі оңай анықтауға мүмкіндік беретін елорда мұсылмандары үшін ыңғайлы мобильдік қосымша.

Сондай-ақ, қосымшада Рамазан айы бойы әкімшілік тарапынан қамтамасыз етілетін тегін автобустардың бағыттары көрсетілген. Ал, намазды бірлесіп оқуға мүмкіндік беретін ерекшелігі қосымша қызметтердің бірі болып табылады.

Бүгінгі күннен бастап “iMuslimAstana” жобасын андроид бағдарламасында жұмыс жасайтын смартфондар үшін Playmarket қосымшасынан жүктеуге мүмкіндік бар. Бір аптадан кейін бұл қосымша iOS нұсқасы AppStore-да пайда болады.

Оқи отырыңыз:

Түрмедегі балалардың өмірі қалай өтіп жатыр?

Алматыда адам өлтіріп, бопсалап және адам ұрлағаны үшін полиция полковнигі тұтқындалды

Қазақстандықтардың банк карталарынан ақшалары жоғалып кетіп жатыр

Желіде Қызылорда облысы жолдарындағы түнгі “рэкеттердің” видеосы пайда болды (видео)

Талқылау