Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тегін ас: Ер адам отбасы мен үйіне келген қонақтарды арам өлген жануардың етімен тамақтандырып жүр

АҚШ-тың Менатчи қаласының тұрғыны отбасы мүшелерін көлік астына түсіп өлген жабайы жануарлардың етімен тамақтандырып жүр. Сонымен қатар үйіне келген қонақтарға да осындай етті ұсынады екен.

Тегін ас: Ер адам отбасы мен үйіне келген қонақтарды арам өлген жануардың етімен тамақтандырып жүр

47 жастағы Рейф Кэрроллдың сөзінше, әкесі кейде жолдың шетінде өліп жатқан жануарды алып келіп, етінен ас әзірлеп беретін болған. Ер адам 10 жасында алғаш рет көліктің астына түсіп өлген бұғының етін жеп көріпті. Ол арада бірнеше жыл өткен соң әкесінің ізін жалғастыруды ұйғарған. Оған ақшадан тарыққаны себеп болыпты, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

«Ол кезде мен тегін астан бас тартатын шамада емес едім», – дейді ол.

Ендігі ер адам жақындарын арам өлген бұғы, күркетауық, шіл етімен тұрақты түрде тамақтандырып жүр. Ол аталған жануарлардың етін жолдың шетінен тауып әкеледі екен.

Тегін ас: Ер адам отбасы мен үйіне келген қонақтарды арам өлген жануардың етімен тамақтандырып жүр

Кэрроллдың айтуынша, бір бұғыдан 30 келіге дейін ет алуға болады. Ал ол тауып алған ең үлкен аң – аю. Ер адам өлі аюды үйінен бір жарым шақырым жерден тауып алыпты.

Кэрролл жануардың етінің ең жақсы бөліктерін мейрамға арнап сақтап қояды екен. Ал оның үйіне келген қонақтардың көбі арам өлген жануардың етін жегенін білмейтін көрінеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау