Театр туралы қызықты деректер

Stan.kz ақпараттықт агенттігі театр туралы қызықты деректер ұсынады.

Театр туралы қызықты деректер

1. Ежелгі Римде жұртшылық әрдайым қанды көріністі тамашалағанды жақсы көрді. Оған тек гладиаторлық шайқастар ғана емес, театрлық қайғылы оқиғалар да дәлел бола алады. Мысалға, егер қойылым барысында актер өлуге тиіс болса, соңғы сәтте актерды өлім жазасына кесілген қылмыскермен алмастырып, дәл сахнада өлтіре алған.

2. Сериалдар біздің заманда пайда болмады. Ежелгі уақытта Сицилияда бір жылға созылатын қойылымдар сахналанған. Көрермендер күн сайын кеште таман қойылымның жалғасын көру үшін театрға жиналатын.

3. Бұзақылық қатаң әрекеттер тек қойылыммен ғана шектелмеді. Ионикалық театрлардың бірінің көру залында қол шапалақтап, қошемет көрсету мүмкіндігіне көп көңіл бөлінді. Мұны істеу үшін бір қолы ғана бар көрермендердің барлығы бір жерге жиналған. Ал олардың алдына тақырбас құлдарды отырғызып, бастарын қолмен ұрғызған.

4. Барлық рөлдер, соның ішінде әйелдердің рөлін еркектер сомдайтын жапондық «кабуки» театрынының негізін Окуни шіркеуіне қызмет еткен әйел қалаған. Сол кезде ол және басқа әйелдер барлық рөлдерді, соның ішінде ерлердің де рөлін өздері сомдап шыққан.

Алайда, көп ұзамай ел басшылығына осындай қойылымдарда жиі басым болатын азғындық әрекеттер ұнамай, театрдағы әйелдердің орнына жас жігіттер өнер көрсететін болды. Ал кейінірек тек ересек адамдар ойнайтын болды.

5. Ағылшындық азамат Гораций де Вир Коул тамаша әзілқой ретінде аты шығып, танымал болды. Оның танымал әзілдерінің бірі театрдағы билеттердің таралуына себеп болды. Ол тақырбас адамдарға белгілі бір орындарды беріп, шашсыз адамдардың басын біріктіріп, әдепсіз сөз ретінде оқыды.

6. Суфле және суфлёр француз тілінде «souffle» дем шығару, тыныс алу деп аударылғанымен, бірақ әр түрлі мағына береді. Суфле деп жеңіл және үлпілдек болған соң аталған, ал суфлёр деп актерлерге өте ақырын сыбырлап тұратын адамдарды айтқан.

7. Одессадағы зираттардың біріндегі актер М.Н. Митрофановтың тақтатасында: «Мен көп рет өлі адамның рөлін сомдадым, бірақ мен оларды ешқашан шебер ойнаған емеспін» деген сөз жазылған.

8. 2011 жылдың шілде айында Лондондағы Barbican театрында әр кеш сайын «Колыбельная» деген атаумен ерекше көрініс ұйымдастырылған. Сонда келушілерге орындыққа отырмай, екі немесе үш адам ұйықтайтын төсекке жатуды ұсынған. Ал қойылымның басты мақсаты – адамдарды жақсы ұйқыға жатқызу болды. Сондай-ақ, таңғы ас та таңертеңгілік бағдарламаға енгізілді.

9. Барселондағы Teatreneu комедия театры күлкі үшін ақша төлеудің бірегей жүйесін енгізді. Онда көру залындағы орындықтардың артқы жағында көрерменнің ым-ишарасын, яғни күлгенін анықтайтын бағдарламамен жабдықталған планшеттер орнатылды.

Ал планшет анықтаған әр күлкінің құны 30 еуро цент болды. Сондай-ақ, ең жоғарғы бағасы 24 еуроға жетті, яғни көрермен 80 рет күлімсірегеннен кейін, тегін күле алды. Бұл жүйе ұйымдастырушыларға ғана емес, көрермендерге де ұнады. Соның арқасында театр әкімшілігі айтарлықтай жақсы табыс тапты.

10. Дэвид Мерриктің «Ұйқышылдарға арналған метро» мюзиклі 1961 жылы сәтсіздікке ұшырады. Сонда жақсы пікір жинай алмаған, Меррик көпшілікті алдауды шешеді. Ол Нью-Йорктегі жеті беделді театр сыншысының толық аты-жөнін тауып, оларды мюзиклге шақырады. Сөйтіп, Меррик олардан фотосуреттерді пайдалануға рұқсат алады. Содан кейін Меррик «сыншылардың» есімдері жазылған хабарландыру жазып, газетке жарнама берді. Ол хабарландыруда: «Соңғы 30 жылдағы үздік музыкалық комедиялардың бірі» немесе «Керемет мюзикл, маған ұнады» сияқты пікірлер жазылған болатын. Жарнама «Нью-Йорк Геральд Трибьюн» газетінің бір нөмірінде ғана жарияланғанымен, оның нәтижесі тағы алты айға арналған қойылымды жалғастыруға жеткілікті болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар