Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәжікстандық әйелдің не үшін сәбиінің денесіне ине тыққаны белгілі болды

Тәжікстанның оңтүстігінде 26 жастағы әйел 11 айлық сәбиінің денесіне ине тығып, өлтіріп қоя жаздады. Оның бұл қадамға Ресейде жұмыс істеп жүрген күйеуін қайтару үшін барғаны белгілі болды. Бұл туралы Тәжікстан Республиканың ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тәжікстандық әйелдің не үшін сәбиінің денесіне ине тыққаны белгілі болды

«Күдікті Ресейде жұмыс істеп жүрген 30 жастағы күйеуі оралсын деп, 11 айлық ұлының денесіне 10 металды инені әдейілеп тыққан», – делінген хабарламада.

Кішкентай баланың денсаулығына елеулі залал тиіп, медициналық мекемеге жеткізілді. Ұлттық медициналық орталықтың дәрігерлері 11 айлық баланың денесінен он ине тапты. Сондай-ақ, олар бұл инелерді бала өздігінен жұтып қоюы мүмкін емес екенін айтты.

Бірінші ота кезінде Ұлттық медициналық орталықтың дәрігерлері тек алты инені ғана шығара алды. Ал қалған төрт ине баланың денесіне терең еніп кеткен. Медициналық сарапшылардың айтуынша, ине баланың денесіне үш ай бұрын кірген.

Әйелдің баласының денесіне ине тығу арқылы күйеуін қалай қайтарып алмақшы болғаны әзірше белгісіз. Полицейлер ол әйел қандай да бір рәсімді орындауы мүмкін дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау