Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәжікстанда жақын туыстардың некелесуіне заңмен тыйым салынды

Тәжікстанда жақын туыс адамдардың бір-бірімен некелесуіне тыйым салатын заң күшіне енді.

160115100518_wedding1_624x351_bbc_nocredit

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу” туралы заңға сәйкес немере ағайынды адамдардың үйленуіне тыйым салады. Сонымен қатар, некеге тұрар алдында жастар міндетті түрде медициналық тексеруден өтіп, қан тапсырулары тиіс. АХАЖ мекемелері медициналық анықтамалықсыз жастардың ұсынысын қабыл алмайды екен.

Сондай-ақ, күшіне енген заңға сай тәжік еңбек мигранттар, шеттен оралғандар міндетті түрде елге келгеннен кейін междициналық тексеруден өтуі керек. Бұл олардың түрлі инфекциялар жұқтырып алу қаупімен тікелей байланысты.

Бұған дейін денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Нусратулло Салимзода 2015 жылдың басында елде 30 мың мүгедек бала тіркелгенін айтып еді. Олардың көбісі жақын туысқан адамдардың некесінен туған.

Талқылау