Тәжікстанда орысша аталған соңғы қаланың атауын өзгертті

Бейсенбі, 4 Ақпан , 2016 19:41

Тәжікстан үкіметінің қаулысымен елдегі орысша атауы бар соңғы елдімекенге тәжікше атау берілді деп жазады ТАСС агенттігі.

Чкаловский поворот

Сурет shorsa13.ru сайтынан алынды.

Бұған дейін Чкаловск деп аталып келген қалаға Бустон (Бостандық) деген атау беріліп отыр. Министрлер кабинетінің шығарған осынау қаулысына ел президенті Эмомали Рахмонның өзі қол қойды.

«Қаланың атауын тәжікшелеу – ұлттық құндылықтарды насихаттау, өсіп келе жатқан ұрпаққа елдімекендердің тарихи атауын, ата-баба мәдениетін және Тәжікстанның тәуелсіз ел екенін ұғындыру», — деп жазады жергілікті жергілікті БАҚ өкілдері.

Бустон (Чкаловск) – Соғды облысының ірі өнеркәсіптік және мәдени орталығы. Қаланың іргесі 1946 жылы тау-химия комбинатының жанынан шағын ауыл ретінде қаланған. Осы жерде өндірілген уранның көмегімен КСРО ең алғаш рет атом бомбасын жасап шықты. Кеңес заманы кезінде Чкаловск жабық қала болатын.

Айта кетейік, Тәжікстан орысша елдімекендердің атауын өзгертуді екі мыңыншы жылдардың басында бастаған. Ол кезде президент Эмомали Рахмонның бастамасымен Ленинабад облысы Соғды болып жаңа атау алған еді. Сондай-ақ, Ура-төбе қаласы – Истаравшан, Гармскаий ауданы – Рашт болып өзгертілді. 2011 жылы елдегі Пушкин, Ленин, Гагарин, Гоголь көшелері жаппай тәжікше атау ала бастаған болатын.

Тәжікстан тіпті, елдегі тау шыңдарына дейін тәжікше ат беріп отыр. Мәселен, 2006 жылы Ленин мен Революция шыңдары Ибн Сина және Исмтиклоп болып өзгертілген. Ал, 1999 жылы Коммунизм шыңына мемлекет қайраткері Исмаил Сомонидің есімі берілді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар