Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәжікстанда милиционерлерді айына бір рет театрға баруға міндеттеді

Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода ішкі істер органдарында қызмет істейтін барлық қызметкерлерді айына бір рет театрға барып тұруға міндеттейтін бұйрық шығарды.

Безымянный

Бұл туралы Интерфакс хабарлайды.

“Жеке құрамның айына бір мәрте театрға барып тұруы үшін шешім қабылданды. Бұл шешімнің барлық қызметкерлерге қатысы бар”, – деді ІІМ баспасөз қызметінің басшысы Умарджони Эмомали.

Ол мұндай шешімнің ішкі істер органдарында қызмет істейтін мамандардың мәдени деңгейін арттыру үшін жасалып отырғанын айтты.

Бұның алдында ішкі істер министрінің өзі ІІМ делегациясымен бірге астаналық Абулқасым Лохути атындағы театрға барып, “Чархи гардон” спектаклін тамашалаған еді.

Сондай-ақ, мемлекеттік бас милициясы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатаң физикалық дайындықтан өтуін міндеттейтін де шешім шығарған.

Оқи отырыңыз:

Тележүргізуші тікелей эфир барысында күйеуінің көз жұмғанын хабарлаған

Түркияға бет алған ұшақ бортында сәби дүниеге келді (фото)

Мәскеуде екі пойыз соқтығысып, 50 адам зардап шекті (видео)

Швецияда терактіге қатысы бар екінші күдікті ұсталды

Талқылау