Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәжікстанда гейлер мен лесбиянкалар ресми түрде есепке алынды

Тәжікстанның Бас прокуратурасы және ІІМ 370 гей мен лесбиянкалардан тұратын тізім жасап шықты. Олар ішкі істер министрлігі жүргізген арнайы операция барысында анықталған.

Бұл туралы К-Nеws хабарлайды.

Тізім ішінде 319 гомосексуалистер мен 48 лесбиянка бар екен.

“Олардың секс-азшылыққа жататындары дәлелденді және бәрі есепке тұрғызылды”, – деп жазады «Конуният» журналы.

Бұл мәселеге орай елдің ІІМ ешқандай пікір білдірмеді. Сенімді дерек көздерінің мәліметінше аталған тізімдегі адамдар да жезөкшелер секілді ВИЧ-індетін жұқтыру қауіпіндегілер болғандықтан арнайы түрде есепке алынған.

Талқылау