Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәжікстанда адам тегін орысшалауға тыйым салынған ақпаратты теріске шығарды

Тәжікстанның азаматтық хал актілерін тіркеу басқармасының орынбасары Джалолиддин Рахимов ел билігінің орысшаға аяқталатын аты-жөндерге тыйым салу туралы хабарламаны теріске шығарды.

Безымянный

 

 

Оның айтуынша, заң бойынша баланың тегі туылғанда мемлекеттік тіркеуде әкесінің не анасының тегімен жазылады.

Ол орысша аяқталатын тектерге тікелей тыйым салынбағанын айтты. Сондай-ақ, «тарихи құндылықтарды негізге ала отырып, тәжік мәдениетіне тән есімдерді қоюға тыйым жоқ екенін де атап өтті.

Бұған дейін Тәжікстанда «-ов», «-ова», «-ович» және «-овна» деп орысшаға аяқталатын тектерге тыйым салынатыны, оларды тәжікше «зод», «зода», «ӣ», «иён» және «фар» деп өзгерту керектігі жарияланған болатын. Ол халық саны мен патриоттықтың белгісі деп саналған еді.

 

Талқылау