Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

82 жастағы кейуана сот арқылы ұлынан алимент талап етті

Тәжікстанда 82 жастағы кейуана үлкен ұлынан алимент төлеуін талап етіп сотқа берді. Әйелдің арызын қабыл алған сот оның ұлын анасына ай сайын 70 сомони (10 АҚШ доллары) көлемінде ақша төлеп тұруға міндеттеді.

5454454

Бұл елдің әкімшілік заңына сәйкес, еңбекке жарамды балалар зейнеттегі ата-анасын қамқорлыққа алуы тиіс. Осы ел тұрғындарының бірі үлкен ұлының материалдық тұрғыда мүлде қол ұшын бермейтінін айтып шағымданған. Ол да сот арқылы ұлынан 300 сомони алимент талап еткен.

“Өзім мүгедекпін, ұлым көмектеспейді. Сот маған 70 сомони төлеуге шешім шығарыпты. Ұлымды өсіріп, жеткізгендегі маған берген жауабы осы болды. Өзі ғана емес, немерелерім де жұмыс істейді. Сөйте тұра көмек бермейді,” – дейді анасы.

Сангин Мирзоева жастайынан жесір қалған. Жалғыз өзі алты баланы өсірген. Екі ұлы азаматтық соғыс кезінде қайтыс болған. Қазір ол кіші ұлының қолында тұрып жатыр. Екі қызы да ажырасып үйіне келген.

Сот ісін жүргізген судья Саидмахмуд Гулзода ұлдарынан алимент талап еткен екінші жағдайды қарағанын айтады. Оның сөздерінше, сотқа балаларынан қамқорлық көрмеген әкелер, аналар арызданады. Олардың да шағымдары қанағаттандырылған.

Оқи отырыңыз:

22 жастағы алматылық ару қалталы азамат іздейтінін айтып өзін саудаға шығарды (фото)

Ағылшын жігіті қырғыз қызына қол жеткізу үшін ислам дінін қабылдап, қалыңмал төлеген

Сирияның бұрынғы министрінің немересі сән-салтанатқа толы өмір сүруде (фото)

Досын өлтірген Сауд Арабиясы ханзадасы өлім жазасына кесілді

Талқылау