Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәжікстанда 6-сыныпта сақал жіберген оқушы сотталды

Алтыншы сыныпта сақал жіберген Рогун тұрғыны сотталды. Душанбе қалалық соты Рогун қаласының биыл наурызда ұсталған 18 тұрғынына қатысты үкім шығарды. Олар 3 жарым жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылды.

B0B71F3F-F58C-494D-A4C8-095F7B006134_w987_r1_s

Сотталушылардың туыстары 8 тамызда Азаттық радиосына рогундықтардың кейбірін сот Тәжікстан қылмыстық кодексінің 307 бабы бойынша “конституциялық жүйені күшпен өзгертуге үгіттеу” фактісімен соттағанын айтты.

Сотталушы Раджабмурод Раджабовтың бауыры Абдулло Раджабовтың айтуынша, оның інісін бес жылға түрмеге отырғызған. Бірақ “сот оның және басқаларының кінәсін толық дәлелдей алған жоқ” деп есептейді ол. Оның айтуынша, қылмыстық істе Раджабмуродов 2009 жылы сақалын салафшылар сияқты өсірген деп көрсетілген. “2009 жылы менің бауырым алтыншы сыныпта оқитын. Әділдік қайда? Жас балада сақал өсіп үлгермейтінін бәрі біледі”, – деді Абдулло Раджабов.

Душанбе соты Рогун тұрғындарына қатысты шешімдері туралы ешқандай пікір білдірген жоқ. Сотталушылардың туыстарының мәліметі бойынша, Шухрат Фатхиддинов 10 жылға бас бостандығынан айрылған, Файзиддин Саидов (дәрігер) және Илишер Шамсиддинов 3 жарым жылға, ал қалғандары 5-тен 5 жарым жылға дейін мерзімге сотталды. Сотталушылар 20-дан 35 жасқа дейінгілер.

Олардың барлығы наурыз айында ұсталды. Сол кезде Тәжікстан министрлігі Рогун қаласының бірқатар тұрғыны экстремистік топқа қатысы бар деген күдікпен ұсталғаны туралы хабар таратқан еді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда сақалды жігіт жаяу жүргіншіге тап берді (видео)

Дінтанушы жастарды салафизмге Сауд Арабиясы ғалымдары шақыратынын айтып дабыл қақты

Қазақстанда мемлекеттік қызметте жүрген салафилердің кім екендерін анықтау ұсынылуда

Талқылау