Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәжікстан азаматтарына ресми түрде тегі мен әкесінің атын орысшалауға тыйым салынды

Тәжікстан азаматтарына ресми түрде әкесінің аты мен тегінің соңына «-ов», «-ова», «-ович», «-овна» деп аяқталатын жалғау қосып айтуға немесе жазуға тыйым салынды. Бұл жөнінде бүгін елдегі «Радио Озоди»  («Азаттық Радиосынан») АХАЖ  басшысының орынбасары Джалолиддин Рахимов айтқан.

тегіііііі

Бұл туралы lenta.ru сайты жазды.

Ол, сондай-ақ, балаларының тегін орысша нұсқада қалдырғысы келетіндермен түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін ескертеді.

«Түсіндіру жұмыстары кезінде біз  өзгеріс енгізудің  мақсаты- тәжікшелеу деп айтамыз. Бұған келіспеген жағдайда ұрпағымыз екіге бөлінетінін ескертеміз. Бір топ өзінің тәжікше тегін мақтан тұтса, екіншілері орыстанған болып қала береді. Біз балаларымыздың ұлтқа деген махаббатын оятуымыз керек», – дейді Рахимов.

Оның сөзінше енді адамдардың тегі мен әкесінің есімінің соңы тәжікше  «зод», «зода», «й», «йен», «фар» деп аяқталады.

Бұл заңды елдегі парламенттің төменгі палатасы мақұлдап қойыпты.

Өзгеріс тек тәжік ұлтының азаматтарына қатысты болмақшы. Қалған ұлттар өз ұрпағының құжатына қалаған нұсқасын көрсете алады екен.

2014 жылы  Тәжікстанның  бас прокуроры  Шерхон Салимзода жастардың тегі орысшаланып бара жатқанын сынаған еді. Оның сөзінше жастардың тегінің соңына құжатта орысша жұрнақ қосуы  «Өздерінің тарихын дұрыс танымау, патриот емес екендіктерін» білдіреді  деген.

Біраз уақыт бұрын азаматтардың тегін тәжікшелеу компаниясы президент Эмомали Рахмонның басшылығымен құрылған еді. 2007 жылы президент халқына өз тектерін тәжікшелеуді ұсынған еді.

Талқылау