Тәжік әйелдері Рахмонның табаны тиген төсенішті тәбәрік қып алуға таласады

Дүйсенбі, 29 Ақпан , 2016 10:53

Гисар ауданының әйелдермен жұмыс бөлімі Эмомали Рахмонның аяғының астына төселген 200 метрлік төсенішті тең бөліп беру үшін белсенді келіншектер мен жасы үлкен әйелдерден тізім жасаған.

1311340223_poezdka

Сурет nm.tj

Гисар ауданының Алмоси жамағатында тұратын Бибісайрам Кароматуллоеваға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның жолына төселген «пояндоз» деп аталатын матадан аппақ астарының жыртысы ғана тиген. Кішкентай шүберекті әйел баласының тойына ырымдап сақтап қойған. Матаның бір бөлігін жалынып сұраған соң, көрші әйелге жыртып беріпті.

Жергілікті билік Бибисайрамға президенттің пәрменімен “қасиетке ие” барқыт «пояндоздың» негізгі матасынан да үлес тиетінін айтып жұбатқан.

Гисар шенеуніктері бұрын президенттің аяғына кілем төсеген, бірақ қажылықтан кейін Рахмонның жолына қызыл барқыт төселе бастады. Президент бұл матаны кейін ауданға еңбегі сіңген әйелдерге таратып беруді тапсырған.

Әдетте Тәжікстанда «пояндозды» үйлену тойларында, әскерден баласы келгенде, қажылықтан оралғанда құрметті қонақтарға құрмет белгісі ретінде аяқтарының астына төсейді. Той иесі «пояндоздың» үстімен өткен соң, оны бірден жиналғандар мата ғып бөліп алады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар