Таза мұсылман болғысы келген қазақ қызы 13 рет талақ алды
Қазақстанда тегін білмейтін тірі жетімдер саны күн санап атртып келеді. Мұның бір себебі жат дінің жетегінде кеткен ата-анада. Олар тоқал алып, талақты қалыпты жағдай деп көретіндер.
«Өткенде бір қаракөзіміздің 13 мәрте некесі қиылыпты. Бірінші әйелін тастай алмайтындар, екінші әйелін тастап жатыр.
Досына звондап «брат, саған әйел керек емес пе? Мен тоқалымды жіберіп жатырмын» дейді. Ана досы «Ал жібер, көрейік» дейді. Ол анажақтан күтіп алып, пәтерге ертіп барады. Өзі сияқты бірнеше діншілді ертіп барып, некелерін қиып алады.
Ол жерде имам деген жоқ. Білмейміз кімдер екенін. Бірнеше уақыттан кейін қайтадан үшінші братқа звондайды. Ол да жаңағы сөз, ол да жібер дейді. Сөйтіп бір қаракөзіміз айналып жүр ғой ортада»,-дейді Қарағанды қалалық мешітінің имамы Қабылбек Әліпбайұлы
Қабылбек Әліпбайұлының айтуынша Салафилердің арасында осындай арсыздық белең алып кеткен. Оның салдарымен оңалту орталықтары да күресіп жатыр екен. Нәтиже бар, бірақ мардымсыз.
Себебі, осындай жағдайға тап болған әйелдердің 16 пайызы ғана өз ұстанымын өзгерткен. Оның өзінде күйеуінің ырқынан шыға алмайтынын мойындапты,-деп жазды Еуразия арнасының Басты бағдарлама қызметі.
Оқи отырыңыз:
Төлеген Мұхамеджанов экс-күйеу баласын ұлындай көретінін айтты
Қазақстандық Данэлия Төлешова “Голос.Дети” шоуында төрешілерді жылатты (видео)
Баян Есентаева атышулы Ақбота Сейітмағамбеттің сұлулығына тамсанды (фото, видео)
Төлеген Мұхамеджанов: Ажырасқан соң үйден бір портфельмен шықтым, түнейтін жерім болмады