Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таза алтынды жасандыдан қалай айыруға болады?

Көпшіліктің, әсіресе, әйел адамдардың назарына жиі ілігетін зергерлік бұйымдардың сапасы кім кімді де толғандырады. Осы ретте назарларыңызға саф алтын мен жасанды алтынның айырмашылығын қалай аңғаруға болатындығы туралы кеңесті ұсынбақпыз. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

detail_ac2df113814c5eccf2ee3401d8b9971e

Фото: РИА Новости

“Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы” АҚ бағалы металдармен жұмысты үлестіру бөлімінің бастығы Ербол Сейсенбаевтың айтуынша, бірінші кезекте тауардың сертификатталғандығынан хабар беретін таңбаға мән бере қарау керек.

“Зергерлік бұйымдар әрине өте көп, бірақ олардың барлығы бірдей алтын емес. Біз сатып алған кезде оның сапасы мен сынамасы туралы қаперге ала бермейміз. Тауардың арзан тұруы да күдік тудыруға жеткілікті негізі. Егер тауарда 585 деген сынама белгіленсе, онда бұйымдағы алтын көлемі 58,5 пайыз ғана деген сөз. Қалғанының барлығы қоспа”, – дейді сарапшы.

Әйтсе де, маманның айтуынша сынаманы қолдан қалағанынша қоя салатын қулық та кездеседі дейді. Бұл ретте сатып алушы үлкейткіш әйнек арқылы асықпай таңбасын қарап, сынамасына жіті мән беруі тиіс. Әдетте бұйымда өкілетті органды айғақтап тұратын алты қырлы және барыстың белгісі болуы тиіс екен. Сәйкесінше, біз ЕАЭО-ға мүше болғандықтан, өзге мүше емес елдерден әкелінген алтынға арнайы мемлекеттік акт берілуі қажет.

“Тауар бізде тексеріліп, қорытынды берілмейінше сатылымға шығарылмайды. Мемлекеттік акт алынғаннан кейін ғана кәсіпкер кеден қызметіне барып, баж салығын төлейді”, – дейді Ербол Сейсенбаевв. Яғни, бұл талаптар орындалмаған жағдайда тауар заңсыз әкелінді деп есептелінеді.

Сонымен қатар, сарапшы бриллиант, рубин сынды бағалы тастардың да жасанды нұсқасы болатынын атап өтті.

“Егер тас жасанды болса, онда биркада көрсетілуі керек. Бұған қатысты заңда арнайы тармақ бар. Мәселен, жасанды тас пен шынайы тасы бар сақина бағасында әжептәуір айырмашылық бар”, – деді сарапшы.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда қарызға ақша беретін терминал орнатылды

Қазақстанда ең көп және ең аз жалақыны кімдер алады

Қолыңыздағы ақшаның шын немесе жалған екенін айырудың 3 әдісі (фото)

Депутаттар зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алуды ұсынды

Талқылау