Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайванда жер сілкінісінен ғимарат астында 60 сағаттан астам жатқан қыз шығарылды

Тайванда құтқарушылар жер сілкінісі кезінде құлаған ғимарат астынан 60 сағаттан астам уақыт жатқан 8 жастағы қызды тірі күйінде алып шықты, – деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

10961920

Сурет reuters сайтынан алынды

Дүйсенбі күні одан бұрын құтқарушылар ғимарат астанына 50 сағаттан астам уақыт жатқан ер мен әйелді тірі күйінде шығарған болатын. Қазіргі уақытта олар 100-деп астам адамды алып шығуға жанталасып жатыр.

Мәліметтерге сәйкес, 6,4 магнитудасымен болған жер сілкінісі Тайвань аралының оңтүстігінде болған. Оның белгілері сенбі күні Юйцзин қаласының оңтүстігінен 25 шақырым жерде байқалған. Жер сілкінінсінен Тайнань қаласы көп зардап шекті.

Соңғы деректерге сәйкес, құрбан болғандар саны 37 адамды құрайды.

Талқылау